С. Ахметовтың Шет ауданының Ағадыр к. активінде сөйлеген сөзі. 18 қазан 2010 ж.



Қайырлы күн, құрметті халайық!
Қадырлы әріптестер!

Бүгінгі кездесуіміз Ақадыр кентінің әлеуметтік-экономикалық дамуы бағдарламасына арналады.
Үш ай бұрын менің тікелей тапсырмаммен кенттің абаттануына бағытталған арнайы жоспар жасалған болатын. Сол бойынша біраз жұмыстар да атқарылды.
Бүгінгі жиналысқа менің шақыруыммен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының президенті Мамин Асқар Ұзақпайұлы, "KEGOC" акционерлік қоғамының президенті Сәтқалиев Алмасадам Майданұлы және «Астана Моторс» компаниясының президенті, өздеріңіздің жерлестеріңіз Смағұлов Нұрлан Еркебұланұлы қатысып отыр.
Алтын уақыттарын бөліп арнайы келгендері үшін аталған азаматтарға шын жүректен алғысымды білдіремін
Өздеріңізге белгілі, облысымызда билік органдары мен кәсіпорындар арасында ынтымақтастық Меморандумына қол қою дәстүрге айналып келеді.
Бұл Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тікелей басшылығымен жүргізіліп жатқан реформалардың, оның ішінде бизнестің әлеуметтік жауапкершілігіне бағытталған жұмыстардың нақты көрінісі.
Осыған орай бүгін «Қазақстан темір жолы», «KEGOK» және «Астана-Моторс» компанияларымен Меморандумға қол қою рәсімі өтеді.
Бұл құжаттың жергілікті билік үшін де, халық үшін де маңызы өте ерекше. Себебі, осының нәтижесінде елге, халыққа пайдалы көптеген мәселелер шешіледі.
Осы Меморандум біздің қарым-қатынасымызды одан әрі дамытуға көмектеседі деп сенемін.
Бүгінгі кездесуімізді келесі тәртіппен өткіземіз.
Ең бірінші аудан әкімі Қайыржан Кәрімұлы Тілеубергенов Ағадыр ауданының биылғы жылғы 9 айы ішіндегі әлеуметтік-экономикалық дамуы және Ағадыр кентін 2010-2013 жылдар арасында дамытудың кешенді жоспары туралы қысқаша баяндайды.
Бұл кешенді жоспарды біз сіздермен бірнеше рет талдағанбыз.
Осыдан кейін біздің қонақтарымызға сөз береміз және өзара әріптестік туралы Меморандумға қол қоямыз.
Қайыржан Кәрімұлы, сөз сізге беріледі.
* * *
Қайыржан Кәрімұлына қоятын сұрақтарыңыз бар ма? Сұрақ жоқ болса, қонақтарға сөз берейік.
Сөз «Қазақстан темір жолы» акционерлік қоғамы ұлттық компаниясының Қарағанды жолдары бөлімшесінің директоры Жақсылық Төлеуұлы Жұматаевқа беріледі.
* * *
Сөз "KEGOC" акционерлік қоғамының президенті Алмасадам Майданұлы Сатқалиевке беріледі.
* * *
Сөз «Астана Моторс» компаниясының президенті Нұрлан Еркебұланұлы Смағұловқа беріледі.

* * *
Қайыржан Кәрімұлы, Біріншіден. Осында қатысып отырған барлық компаниялардың осы жобалары Ағадыр кентін дамытудың 2010-2013 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық кешенді жоспарына енгізілсін және бұл түзетулерді ескере отырып, жоспардың нақты нұсқасы аудандық мәслихаттың қарауына және бекітуіне берілсін.
Екіншіден. Сізге және кенттің әкіміне Ағадыр кентін дамытуға демеушілерді тарту жұмысын одан әрі жүргізуді тапсырамын.
Бұған өз жерлестеріңізді, бизнестегі инвесторларды, сол сияқты басқа да қызығушылық танытқан кәсіпкерлерді тартыңыздар. Ең бастысы, Ағадыр кентінің барлық тұрғындары осы маңызды жұмысқа ұйымшылдықпен қатысулары керек. Келістік пе?
Олай болса, енді Меморандумдарға қол қоюға кірісейік.

Құрметті ағадырлықтар!
Шет ауданының үлкен әлеуметтік-экономикалық мүмкіндіктері бар.
Алға қойған мақсаттар мен меморандум шарттарын орындау Елбасымыздың халыққа Жолдауындағы маңызды міндеттерді іске асыруға біздің қосқан нақты үлесіміз болады.
Ол үшін жергілікті билік органдары мен үкіметтік емес ұйымдар бірлесіп жұмыс жасаулары керек.
Тағы да өз атымнан және сіздердің аттарыңыздан біздің облысымыздың дамуына арналған шараларға түсіністікпен қарап, тікелей атсалысып отырған компания басшыларына алғысымды білдіргім келеді. Барлығыңызға табыс тілеймін.
Назар аударғандарыңызға рахмет.
Аман-сау болыңыздар.
 

Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметінің» порталын қолданасыз бе?
Мұрағат
16 Қазан 2012
Караганда Другие города
+6 °C
без осадков,ясно
Ю, 2 м/с
16 Қазан 2012
Доллар США   150.62
Евро   195.16
Российский рубль   4.86
 
Послание Президента РК
 
Қазақстан Республикасы Президентінің алдыңғы Жолдаулары
Индустриально-инновационное развитие
Государственные закупки
           
 
           
 
           
 
         
 
         
Online конференциялар және баннерлердiң архивы      Сайт картасы
Контактная информация. Юмористический журнал.
lbh.su
© 2005-2012Қарағанды облысы әкімдігінің ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Вверх