С. Ахметовтың Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ к. активінде сөйлеген сөзі. 22 қазан 2010 ж.



Қайырлы күн құрметті халайық!
Қадырлы әріптестер!

Мамыр айының аяғындағы Сіздермен кездесуде, Егіндібұлақ аймағының күрделі мәселелерін талқылағанбыз. Сол жиынның қорытындысы бойынша мен тапсырмалар беріп, тағы да Сіздермен кездесуге уәде берген болатынмын. Өткен төрт ай шамасында аймақтың әлеуметтік экономикалық дамуы бойынша біраз жұмыстар атқарылды.
Бүгінгі жиналысқа менің шақыруыммен «Алтай полиметалы» компаниясының бас директоры Әліпбергенов Махмұд Қасланұлы қатысып отыр.
Облысымызда билік органдары мен кәсіпорындар арасында ынтымақтастық Меморандумына қол қою дәстүрге айналып келеді.
Бұл Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тікелей басшылығымен жүргізіліп жатқан реформалардың, оның ішінде бизнестің әлеуметтік жауапкершілігіне бағытталған жұмыстардың нақты көрінісі.
Осыған орай «Алтай полиметаллы» компаниясымен Меморандумға қол қою рәсімі өтеді.
Бұл құжаттың жергілікті билік үшін де, халық үшін де маңызы өте ерекше. Себебі, осының нәтижесінде елге, халыққа пайдалы көптеген мәселелер шешіледі.
Бүгінгі кездесуімізді өткізудің тәртібі былай болсын.
Ең бірінші аудан әкімі Сержан Жаңабекұлы Аймақов ауданның биылғы жылғы 9 айы ішіндегі әлеуметтік-экономикалық дамуы және Егіндібұлақ селосын 2010-2013 жылдар арасында дамытудың кешенді жоспары туралы қысқаша баяндайды.
Содан кейін менің биылғы жылғы 28 мамырда берген тапсырмаларымның орындалу барысы туралы облыстық басқармалардың басшыларын тыңдаймыз.
Содан соң «Алтай полиметаллы» компаниясының бас директоры Махмұд Қасланұлы Әліпбергеновке сөз береміз және соңында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қоямыз.
Сержан Жаңабекұлы, сөз сізге беріледі.
* * *
Сержан Жаңабекұлына қоятын сұрақтарыңыз бар ма? Егер сұрақ жоқ болса, онда менің берген тапсырмаларымның орындалу барысын қарастыруға көшейік.

* * *
Әрине, бірталай жұмыс жүргізілді, оны өздеріңіз де байқаған шығарсыздар. Бірақ мұнымен тоқтауға болмайды. Сондықтан Егіндібұлақ селосын 2010-2013 жылдар арасында дамытудың кешенді жоспарын тағы да қарастырып, тексеріп, оны бюджеттік параметрлер бойынша іске асыруды бастау керек.
Сөз «Алтай полиметалы» компаниясының бас директоры Махмұд Қасланұлы Әліпбергеновке беріледі.
* * *
Махмұд Қасланұлына қоятын сұрақтарыңыз бар ма?
Бірінші. Сержан Жаңабекұлы, «Алтай полиметалы» комапаниясы ұсынған жоба Егіндібұлақ селосын дамытудың 2010-2013 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық кешенді жоспарына енгізілсін және бұл түзетулерді ескере отырып, жоспардың нақты нұсқасы аудандық мәслихаттың қарауына және бекітуіне берілсін.
Екінші. Сізге және селоның әкіміне (Дәуіпбаев Амантай Дәуіпбайұлы) Егіндібұлақ селосын дамытуға демеушілерді тарту жұмысын одан әрі жүргізуді тапсырамын. Бұған өз жерлестеріңізді, бизнестегі инвесторларды, сол сияқты басқа да қызығушылық танытқан кәсіпкерлерді тартыңыздар. Ең бастысы, Егіндібұлақ селосының барлық тұрғындары осы маңызды жұмысқа ұйымшылдықпен қатысулары керек. Келістік пе?
Сұрақтарыңыз бар ма? Кімнің сөйлегісі келеді?
***
Құрметті Егіндібұлақтықтар!
Қарқаралы ауданының маңызды әлеуметтік-экономикалық қуаты бар.
Алға қойған мақсаттар мен меморандум шарттарын орындау Елбасымыздың халыққа Жолдауындағы маңызды міндеттерді жүзеге асыруға қосқан нақты үлесіміз болады.
Ол үшін жергілікті билік органдары мен үкіметтік емес ұйымдар бірлесіп жұмыс жасаулары керек.
Тағы да өз атымнан және сіздердің аттарыңыздан біздің облысымыздың дамуына бағытталған шараларға түсіністікпен қарап, тікелей атсалысып отырған компания басшыларына алғысымды білдіргім келеді.
Назар аударғандарыңызға рахмет.
Аман-сау болыңыздар!
 

Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметінің» порталын қолданасыз бе?
Мұрағат
16 Қазан 2012
Караганда Другие города
+6 °C
без осадков,ясно
Ю, 2 м/с
16 Қазан 2012
Доллар США   150.62
Евро   195.16
Российский рубль   4.86
 
Послание Президента РК
 
Қазақстан Республикасы Президентінің алдыңғы Жолдаулары
Индустриально-инновационное развитие
Государственные закупки
           
 
           
 
           
 
         
 
         
Online конференциялар және баннерлердiң архивы      Сайт картасы
Оборудование и материалы. Каталог запчастей.
kb-yarmarka.ru
Интернет-магазин Поставки сантехнического оборудования
sanadom.ru
Информация о том, как стать слушателем курсов. Расписание курсов
ey.com
© 2005-2012Қарағанды облысы әкімдігінің ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Вверх