С. Ахметовтың 9 айдың қорытындысы бойынша өткен облыс әкімдігі отырысында сөйлеген сөзі. 28 қазан 2010ж.



Қайырлы күн, құрметті әріптестер!
Бүгінгі әкімдік отырысында өткен тоғыз айды қорытындылап, алдағы міндеттерді айқындаймыз.
Жиналысқа қалалар мен аудандар әкімдері, облыстық басқармалар мен департамент басшылары және ақпарат құралдары өкілдері қатысып отыр.
Тоғыз айдың қорытындысы бойынша облыс экономикасының бірқатар негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері артқаны байқалады.
Үстіміздегі жыл индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасын іске асыруды жедел және жүйелі қолға алумен ерекшеленеді. Аталған бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында, аймағымыздың базалық өндіріс салаларының даму тұжырымдамасы әзірленді.
Соның аясында біз біршама жобаларды іске асырдық. Жалпы құны 85 млрд. теңгеден асатын 18 жоба еліміздің индустриализациялау картасына енгізілді.
Алайда біз бұл табыстармен тоқталып қалмай, облысымыз экономикасын одан әрі қарқынды дамыту үшін нақты шараларды жүзеге асыруымыз керек.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атап айтқандай, еліміздің индустриялдық-инновациялық қарқынды дамуын ұлттық идеяға айналдырып, халықты жұмыспен қамтуға мүмкіндік беретін жаңа өндірістер мен жұмыс орындарын ашып, инвестициялар тартуға қол жеткізу қажет.
Сондықтан бүгінгі әкімдік отырысында облысымыздың әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеруге бағытталған бірнеше мәселелерді қарайтын боламыз.
Бүгінгі күн тәртібінде үш мәселе талқыланады:
Бірінші. Қарағанды облысының 2010 жылдың тоғыз айының қортындысы бойынша әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы.
Екінші. Тұрғын үй құрылысы мәселесі:
- 2008-2010 жылдар арасындағы Қарағанды облысы бойынша аумақтық тұрғын үй құрылыс бағдарламасының іске асырылуы;
- «Қарағанды облысының даму бағдарламасы» аясында 2011-2014 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысын дамытудың кешенді жоспары туралы.
Үшінші. Қарағанды облысының 2010-2015 жылдар аралығында энергия қуатын үнемдеу кешенді жоспарының жобасы туралы.
Күн тәртібі бойынша қандай ұсыныстар бар?
Қарсылық жоқ па? Онда қабылданады.

Әкімдік отырысын өткізудің мынадай тәртібі ұсынылады:
Бірінші мәселе бойынша облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Балғатайұлы Өтешов баяндайды.
Одан кейін осы мәселені талқылаймыз.
Күн тәртібіндегі екінші және үшінші мәселелері туралы облыс әкімінің орынбасары Рыскелді Ахметқалиұлы Сәтбаев баяндама жасайды.

Жұмыс регламентімен келісіп алайық. Сұрақтар бойынша баяндамашыларға 15 минутқа дейін, сөз сөйлеушілерге 5 минутқа дейін уақыт беру ұсынылады.
Қарсылық жоқ па? Қабылданады.
Күн тәртібіндегі мәселелерді қарауға көшейік.
Серік Балғатайұлы, сөз сізде.
***
С.Б.Өтешовың баяндамасы
***
Ахметов С.Н.
Рахмет, Серік Балғатайұлы.
Баяндамашыға сұрақтарыңыз бар ма?
Жоқ. Отырыңыз.
Менің Балқаш қаласының әкіміне сұрағым бар.
Рейтингілік көрсеткіш бойынша қалалардың ішінде Балқаш қаласы төменгі орында тұр. Қадыржан Гейнятұлы, қаланың әлеуметтік-экономикалық даму жағдайы туралы қысқаша баяндап беріңіз.


Анықтама:
Инвестициялар көлемі жоспардан 81,1 пайыз(%) құрады, өткен жылдың сәйкес кезеңіне – 93 пайыз.
Азық-түліктің 2 түрі бойынша баға өскен: күнбағыс майы 5,9 пайыз, тауық еті 4,1 пайыз.
Туберкулездің асқынған түріне жол берілген.

***
Қ.Г.Тейляновтың жауабы (трибунаға шығады)
***
Ахметов С.Н.
Инвестицияның көлемі неге төмендеп кеткен?
***
Қ.Г.Тейляновтың жауабы
***
Ахметов С.Н.
Сәтпаев қаласы. Советбек Тұрсынұлы, қысқаша Сәтпаев қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндап беріңіз.
Анықтама:
Индустриализация картасына бір де жоба ұсынылмаған.
Тағам өнеркәсібі кәсіпорындарының қазіргі бағалары бойынша өндіріс көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 97,2 пайыз құрады.
***
С.Т.Медебаевтың жауабы (трибунаға шығады)
***
Ахметов С.Н.
Еркебұлан Ертихалұлы, сіз Абай ауданын басқаруға жақында келсеңіз де облыстық көрсеткіштермен бұрыннан таныссыз. Абай ауданының бүгінгі көрсеткіштері басқалардан нашар. Сүт өнімі төмендеген, мал басының саны азайған. Азық-түліктің үш түріне баға өскен. Осы жағдайларды дұрыстау үшін қандай шаралар қолданбақсыздар?
Анықтама:
Өнеркәсіп өнімдері өндірісі бойынша жоспар 14 пайыз орындалған жоқ.
Сүт өнімдерін өндіру 5,6 пайыз азайған, ірі қара басы 27,1 пайыз, соның ішінде сиыр 24,9 пайыз, шошқа 34,9 пайыз кемуіне жол берілген.
Азық-түліктің 3 түрі қымбаттауына жол берілген: 1 сортты ұн 11,8 пайыз, күнбағыс майы 6,1 пайыз, вермишель 3,2 пайыз қымбаттаған.
***
Е.Е.Нашаровтың жауабы (трибунаға шығады)
***

Ахметов С.Н.
Ақтоғай ауданында азық-түліктің тоғыз түріне баға өскен. Нәресте өлімінің (младенческая смертность) көрсеткіші жоғары, аурухананы дәрігерлермен қамтамасыз ету деңгейі төмен. Ғабдрахман Игілікұлы, неге дұрыстап жұмыс жүргізбейсіздер?

Анықтама:
Азық-түліктің 9 түрі қымбаттауына жол берілген: 1 сортты ұн 50,0 пайыз, күнбағыс майы 10,7 пайыз, жұмыртқа 4,2 пайыз, вермишель 3,5 пайыз, өсімдік майы 2,0 пайыз, қайнатылған колбаса 1,5 пайыз, қаймақ 1,9 пайыз, күріш 1,1 пайыз, қант 1,1 пайыз қымбаттаған.
Бала өлімі көрсеткіші жоғары – 29 (облыстық – 15,4)

***
Біз бүгін облысымыздың биылғы тоғыз айы ішіндегі әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысын талқыладық. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша облыс әкімдігі қаулысының жобасы дайындалды.
Қаулының жобасын оқу үшін сөз Қ.О. Мұқатовқа беріледі.
* * *
Қандай қосымша ұсыныс бар?
Егер жоқ болса, осы қаулы қабылдансын деген ұсыныс бар.
Қарсылық жоқ па? Қабылданды.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша сөз облыс әкімінің орынбасары Рыскелді Ахметқалиұлы Сәтбаевқа беріледі.

* **

Ақпарат бойынша сұрақтарыңыз бар ма?

Онда осы мәселе бойынша мынадай тапсырмалар:

1. Қалалар мен аудандар әкімдері:
- 2010 жылдың қорытындысы бойынша барлық қаржыландыру көздері бойынша тұрғын үйлерді іске қосу жоспарының орындалуын қамтамасыз етсін;
- 2010 жылдың 15 желтоқсанына дейін республикалық бюджеттің мақсатты трансферттері есебінен салынып жатқан арендалық тұрғын үйлерді пайдалануға беруді қамтамасыз етсін;
- 2010 жылдың қорытындысы бойынша республикалық бюджеттен кредиттік, арендалық тұрғын үйлерді және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды салуға бөлінген кредиттік қаржы мен мақсатты трансферттерді 100 пайыз игеруді қамтамасыз етсін.
2. Осы тапсырмаларды облыс әкімінің орынбасары Сәтбаев бақылауға алсын.
Ал енді мына 2011-2014 жылдарға арналған кешенді жоспарды біз бірнеше рет талқыладық, жалпы алғанда қабылдаймыз.

Қарсылық жоқ па? Онда қабылданды.
* * *
Үшінші сұраққа бойынша сөз облыс әкімінің орынбасары Сәтбаевқа беріледі.
* **
Әкімдік мүшелері, қаулының жобасы қолдарыңызда. Қандай ескерту, ұсыныстарыңыз бар?

* * *
Құрметті әріптестер!
Тағы да сөз сөйлейтіндер бола ма?
Жоқ болса, әкімдіктің отырысын қорытындылайық.
Жалпы алғанда, өткен жылдың осы деңгейімен салыстырғанда облысымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуының барлық негізгі көрсеткіштері бойынша одан әрі дамуды қамтамасыз ететін нақты шаралар қабылдау керек.
Биылғы жыл еліміздің индустриалдық–инновациялық қарқынды дамуының бесжылдығы басталуымен ерекшеленеді. Оны баршаңыз да жақсы білесіздер.
Өздеріңізге белгілі, қазан айының 19-ы күні Елбасы облыс әкімдерімен, министрліктермен кеңес өткізген болатын.
Бұл кеңесте еліміздің өткен тоғыз ай ішіндегі әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары шығарылып, алдағы атқарылатын міндеттер белгіленді.
Президент ел экономикасының жақсы өсу қарқынын көрсетіп отырғанын, осының бәрі дұрыс таңдалған стратегияның, дағдарысқа қарсы жүйелі шаралардың және жинақталған жеке қаражат есебінен экономиканы қуатты қаржылай қолдаудың нәтижесі екенін атап өтті.
Сонымен қатар, салалық басшыларға және облыс әкімдеріне бірқатар нақты тапсырмалар берілді.
1.    Бюджет қаржыларының жұмсалуына бақылауды күшейту;
Жекелеген функциаларды жеке меншік секторына бере отырып шығыстарды оңтайландыру.
2.    Әлеуметтік нысандардағы және инженерлік - инфрақұрылымдардағы құрылыс нысандарының бағасын арзандатуды ескере отырып, нормалары мен ережелерін қайта қарау;
3.    Азық-түлік тауарларына бағаның өсімін бақылау және бағаны өзара келісіп алуды (ценовой сговор) болдырмау;
4.    Халыққа қызмет көрсету орталықтарының (ЦОН) жұмысын ұйымдастыру;
5.    Шағын және орта бизнес субъектілеріне әкімшілік тосқауыл қоюды азайту;
6.    Аймақтардағы өз ісімен айналысатын адамдардың санын анықтау және олардың қызмет түрлеріне талдау жасау;
7.    Мемлекеттік әлеуметтік төлемдер жүйесін ретке келтіру;
8.    Біздің басты міндетіміз – барлық тілек білдірушілерді жұмыспен қамтамасыз ету және мүмкіндігі шектеулі адамдарға тиісті көмектер көрсету.
9.    Қыс айларында жылыту маусымын  өткізуге әкімдер дербес жауапкершілік алады;
10.    Жастармен жұмыс жасауға көбірек көңіл бөлу қажет;
11.    Мемлекеттік қызмет аппараттарының жұмысын оңтайландыру және тиімділігін арттыру қажет;
12.     Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығын лайықты қарсы алу мақсатында ауқымды жобалардың тізбесін анықтау және бұқаралық ақпарат құралдарында іс-шараларды айрықша кең түрде жариялау.
Сондықтан, бірінші кезекте өнеркәсіп пен өндіріс саласында жаңа көзқарас қалыптастыруға, маңызды инвестициялық жобаларды белгілеуге және аймағымыздың өндірістік қуатын толық пайдалануға назар аудару керек.
Отандық металлургияның көшбасылары – «АрселорМиттал Теміртау» және «Қазақмыс» Корпорациясы» Қарағандыда машина құрылысын бастаудың қозғаушы күші, локомотиві болулары қажет.
Елбасының үлкен кәсіпорындар жанынан шағын және орта бизнес кәсіпорындарын құру туралы тапсырмасы міндетті түрде орындалуы тиіс.
Бүгінгі күнге маңызды мәселе болып отырған инфляциялық процестерді тоқтату үшін қалалар мен аудандар әкімдері барлық әлеуметтік маңызы бар азық-түлік түрлері бойынша нормативтік, тұрақтандыру қорларын құруы керек.
Білім беру саласында оқу орындарының материалдық-техникалық базасын одан әрі нығайту, жаңа кабинеттер мен интерактивтік жабдықтар алу, ескі үлгідегі компьютерлерді жаңарту қажет.
Денсаулық сақтау саласында ана мен бала өлімін азайту, туберкулез ауруының деңгейін төмендету бойынша нақты жұмыстар жүргізу керек.
Әлеуметтік сала бойынша басты міндетіміз – адамдарды жұмыспен қамтуға жағдай жасау. Аймақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайына сапалы мониторинг жүргізіп отыру керек.
Басқа сұрақтарыңыз бар ма?
Егер жоқ болса, рахмет.
Аман-сау болыңыздар.
 

Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметінің» порталын қолданасыз бе?
Мұрағат
16 Қазан 2012
Караганда Другие города
+13 °C
без осадков,ясно
Ю-З, 4 м/с
16 Қазан 2012
Доллар США   150.62
Евро   195.16
Российский рубль   4.86
 
Послание Президента РК
 
Қазақстан Республикасы Президентінің алдыңғы Жолдаулары
Индустриально-инновационное развитие
Государственные закупки
           
 
           
 
           
 
         
 
         
Online конференциялар және баннерлердiң архивы      Сайт картасы
Каталог программ со всего мира. Архив, поиск новостей.
pokypkadiplomov.ru
Нормативная документация Фотографии завершенных объектов
mr-parkett.ru
Ворота и шлагбаумы. Автоматические ворота и двери
vorota2012.ru
© 2005-2012Қарағанды облысы әкімдігінің ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Вверх