С.Ахметовтың 2010 жылдың 16 қараша Құрбан айт мерекесіндегі сөйлеген сөзі.
Баршаңызды қасиетті Құрбан-айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.
Бұл күні әрбір мұсылман игі амал жасап, бауырмалдық пен кешірімділіктің үлгісін көрсетеді.
Құрбан айт баршамыз үшін рухани жаңару мен болашаққа деген сенімді нығайтатын күн.
Елбасымыздың сарабдал саясатының арқасында Қазақстан дүниежүзіне діни татулықтың, ұлттық бірліктің, қоғамдық жарасымдылықтың үлгісі болып отыр.
Құдайға шүкір, тәуелсіздік алғаннан бері елімізде, аймағымызда көптеген Алланың үйлері ашылуда. Биыл Теміртау, Қаражал қалаларында, Шет, Жаңаарқа, Қарқаралы аудандарында мешіт ашылып, Қарағандыда үлкен, сәулетті мешіт құрылысы жүріп жатыр. Бұл мешіт Қазақстан мен Орта Азия елдеріндегі ең үлкен мешіттердің бірі болады.
Қоғамымыз салауаттылыққа, имандылыққа жаппай бет бұрып келеді.
Жастарымыз да Алла үйлеріне көптеп келіп, мұсылмандық талаптарын сақтай бастады.
Бұл өте дұрыс. Өйткені, Елбасымыз айтқандай өз дінімізге, тілімізге, ділімізге берік болсақ, тәуелсіз мемлекетіміздің де іргетасы берік болады.
Құрметті мұсылман қауымы!
Қадірлі ағайын!
Барлығыңызды қасиетті Құрбан айтпен құттықтай отырып, тілектеріңіз қабыл болып, қадамдарыңыз сауапқа жазылсын деп тілеймін.
Айттарыңыз мүбарак болсын! |