С. Ахметовтың Осакаров аудандық прокуратура ғимаратының ашылуында сөйлеген сөзі. 26 қараша 2010 жыл
Құрметті Қайрат Әбдіразақұлы!
Құрметті құқық қорғау органдарының басшылары!
Қадірлі ардагерлер!
Прокуратура органдары – елдегі заңдылықтың, әділдіктің қорғаны. Олар заңның сақталуына, тәртіптің күшеюіне, халықтың билікке деген сенімінің артуына қызмет етеді.
Халқымызда «Қылмыс түзелмей, тұрмыс түзелмейді» деген аталы сөз бар. Ал, қылмыспен күресу, оның алдын алу мәселесінде прокуратура органдарының алатын орны ерекше.
Осыған үлкен маңыз бере отырып Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Конституция мен Заң – халық пен биліктің арасындағы келіссөз көпірі. Ол тиімді іске асырылмаса, демократия да, тәртіп те, мемлекет те болмайды» - де атап көрсеткен болатын.
Сондықтан біз Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қалыпты жұмыс жасауы үшін барлық жағдайды жасап келеміз.
Бүгінгі Осакаров аудандық прокуратура ғимаратының ашылуы – осындай қамқорлықтың, көмектің нақты көрінісі.
Ендеше, осы айтулы оқиғамен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын.
Бүгінгі жиынға арнайы келіп, жақсы тілек, адал ниетіңізді білдіріп, қолдау көрсеткеніңіз үшін Сізге – құрметті Қайрат Әбдіразақұлы, бүкіл қарағандылықтар атынан үлкен алғысымды білдіремін.
Баршаңызға Конституция талаптарын жүзеге асыру жолындағы жауапты жұмыстарыңызда зор табыс, отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік тілеймін.
|