Облыс әкімінің Қаз дауысты Қазыбек би ескерткішінің ашылу салтанатында сөйлеген сөзі, 10 қазан 2011 жыл



Құрметті халайық!
Қымбатты қонақтар!
Ардақты ағайын!

Кез келген елдің, ұлттың абыройын асқақтатын, ең алдымен сол халықтың төл перзенттері, қайраткер тұлғалары.
Қарағанды облысы елдің тұтастығын, береке-бірлігін, ынтымағын ту етіп көтерген тарихи тұлғалардан кенде емес.
Солардың бірі - атағы алты алашқа тараған Қаз дауысты Қазыбек би. Ол қара қылды қақ жарған әділ билігімен ел есінде сақталған, мемлекет және қоғам қайраткері.
Қазыбек би атамыз - салиқалы сөз, салмақты мінезімен, ақыл-парасатымен, тапқырлығымен танылған, ұшқыр ойлы кемеңгер.
Шешімсіз дау қалдырмай, талай алқалы тартыста озып шыққан, жүйелі сөздің жүйрігі, қызыл тілдің шебері.
Ел басына күн туған, қиын шақта, тайынбай, тайсалмай, шындықты, әділетті жақтаған абзал азамат.
Осындай, елінің бостандығы үшін аянбай күрескен би, батыр, дипломат, асқан ақыл иесінің ескерткішінің ашылуы баршамыз үшін үлкен қуаныш.
Бұл тек облысымыздың ғана емес, бүкіл Қазақстанның тарихи, мәдени өміріндегі маңызы зор оқиға.
Ескерткіштің Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы қарсаңында ашылуы, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей тарихымызға, ата – баба өсиетіне адалдығымыздың белгісі.
Өткенге құрмет, әруақты аталарымызға тағзым, Отанымыз қуатының, ұрпақтар сабақтастығының, рухани бірлігіміздің көрсеткіші.
Мұндай еліміздің, аймағымыздың рухани өмірінде болып жатқан жаңалықтар жақсылықтың нышаны екені сөзсіз.
Биылғы - мерейлі жылы, әлі де көптеген әлеуметтік нысандар ашылып шаттығымыз жалғаса беретін болады.

Қымбатты әлеумет!

Баршаңызды көптен күткен қуаныштарыңызбен шын жүректен құттықтаймын.
Қазыбектей бабамызға арман болған азаттығымыз баянды, мемлекетіміз мәңгі болсын!
Ата – баба рухы Елімізді, Елбасымызды желеп – жебеп жүрсін ағайын!

Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметінің» порталын қолданасыз бе?
Мұрағат
16 Қазан 2012
Караганда Другие города
+10 °C
без осадков,малооблачно
Ю, 2 м/с
16 Қазан 2012
Доллар США   150.62
Евро   195.16
Российский рубль   4.86
 
Послание Президента РК
 
Қазақстан Республикасы Президентінің алдыңғы Жолдаулары
Индустриально-инновационное развитие
Государственные закупки
           
 
           
 
           
 
         
 
         
Online конференциялар және баннерлердiң архивы      Сайт картасы
© 2005-2012Қарағанды облысы әкімдігінің ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Вверх