Облыс әкімі Ә.Қ.Құсайыновтың Отан қорғаушылар күні мерекесінде сөйлеген сөзі (шеру кезінде), 6 мамыр 2012 ж.



Қадірлі қарағандылықтар!
Құрметті офицер мырзалар мен сарбаздар!
Қымбатты соғыс және еңбек ардагерлері!

Бүгін - біздің баршамыз үшін ерекше мерекелі де тарихи күн. Себебі, биыл Отан қорғаушылар күні мен Қазақстан Республикасы Қорғаныс Күштерінің 20-жылдық мерекесі қатар келіп отыр.
Әрине, кез келген мемлекет үшін ел қауіпсіздігі – бұл ең маңызды мәселелердің бірі. Әскеріміз айбынды, қорғанысымыз қуатты болғанда ғана болашағымыздың жарқын болары сөзсіз. Сол себепті Елбасымыз, Қазақстан Қарулы Күштерінің Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап-ақ қорғаныс саласына ерекше мән беріп келеді. Өткен жиырма жылда қорғаныс күштерін дамыту жолында қыруар жұмыс атқарылды. Қазақстанның әскери жүйесі толығымен қайта реформаланды, әскери Доктрина бекітілді. Армия заман талабына сай соңғы үлгідегі техникалармен жабдықталуда, әскери қызметшілердің әлеуметтік жағдайы да жақсартылып жатыр.
Міне, осындай игі істердің арқасында бүгінде сарбазы сақадай сай, қаруы қуатты, қорғанысы сауатты дербес мемлекетке айналдық.

Құрметті әскери қызметшілер!

Алтай мен Атыраудың, Арқа мен Алатаудың арасында жатқан ұланғайыр даламызды ата-бабаларымыз ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап, бізге аманат етіп қалдырды.
Олай болса, өшпес ерлік пен өлшеусіз даңқтың өнегесіне айналған бабалар аманатына адал болу, тәуелсіз Қазақстанның бейбіт аспаны мен тыныштығын қорғау – әрбір азаматтың асқақ борышы деп білемін.
Баршаңызды батырлық пен ерліктің мерекесі – Отан қорғаушылар күнімен және Қазақстан Қарулы Күштерінің 20-жылдығымен шын жүректен құттықтаймын.
Сіздерге зор денсаулық, еңбекте табыс, отбасыларыңызға амандық тілеймін.

Уважаемые военнослужащие!

Сегодня мы отмечаем два замечательных праздника - День защитника Отечества и 20-летие Вооруженных Сил Республики Казахстан. 
Созданные в соответствии с Указом Президента страны Нурсултана Абишевича Назарбаева, наши Вооруженные Силы стали надежным щитом, оберегающим покой и мирный труд граждан, территориальную целостность государства.
Президент страны, как Верховный Главнокомандующий, делает все необходимое, чтобы армия была по-настоящему профессиональной, соответствовала уровню развития науки и самых передовых технологий XXI века, обеспечивалась новейшими видами вооружения, высокоточной военной техникой.
Значительное внимание уделяется улучшению условий службы, повышению ее престижа, обеспечению социальных гарантий военнослужащим, модернизации и оптимизации всей военной системы в соответствии с лучшими мировыми стандартами.
Благодаря этому в нашей стране сформированы современные боеспособные Вооруженные Силы, которые стали достойным наследником героических традиций нашего народа и выполняют свое главное предназначение - укрепление независимости Республики Казахстан.
Сегодня мы отдаем должное мужеству и героизму солдат Второй мировой войны, наших ветеранов, воинов-интернационалистов, всех военнослужащих, проявивших образцы героизма в мирное время. И в наши дни сотни карагандинцев, продолжая славные боевые традиции своих отцов, добросовестно несут службу по всему Казахстану.
Образцом верности присяге, выполнения задач, поставленных Главой государства, являетесь и вы, уважаемые друзья.
Ваш ратный труд - это прочная гарантия свободы нашего народа, суверенитета страны, спокойствия и уверенности всех казахстанцев.
Крепите воинскую дисциплину и боевую выучку! С честью несите высокое звание защитника Родины!
От всей души поздравляю вас с замечательным праздником мужества и стойкости - Днем защитника Отечества и 20-летием образования Вооруженных Сил Республики Казахстан! Желаю вам и вашим близким крепкого здоровья, счастья и благополучия!
 

Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметінің» порталын қолданасыз бе?
Мұрағат
16 Қазан 2012
Караганда Другие города
+5 °C
без осадков,ясно
Ю, 2 м/с
16 Қазан 2012
Доллар США   150.62
Евро   195.16
Российский рубль   4.86
 
Послание Президента РК
 
Қазақстан Республикасы Президентінің алдыңғы Жолдаулары
Индустриально-инновационное развитие
Государственные закупки
           
 
           
 
           
 
         
 
         
Online конференциялар және баннерлердiң архивы      Сайт картасы
© 2005-2012Қарағанды облысы әкімдігінің ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Вверх