Выступление С. Ахметова на активе г.Приозерска. 29 октября 2010г.
Қайырлы күн!
Бүгінгі мәселе кадрлық өзгерістер туралы.
Өздеріңіз білетіндей, Бікіров Нұрлан Нұрғазыұлы баламалық негізде 2006 жылы Приозерск қаласының әкімі болып сайланған еді. Сайлану мерзімі төрт жыл болатын.
Сайланған мерзімінің аяқталуына орай Нұрлан Нұрғазыұлы Бікіров қала әкімінің қызметінен босатылды.
Облыс әкімдігінің және өз атымнан атқарған жұмысы үшін Нұрлан Нұрғазыұлына рақмет айтамын, жаңа жұмыста табыс тілеймін.
Добрый день!
Сегодня будет рассмотрен один вопрос - о кадровых изменениях.
Как вы знаете Бикиров Нурлан Нургазыевич в 2006 году на альтернативной основе был избран акимом города Приозерска сроком на четыре года.
В связи с истечением срока избрания Бикиров Н.Н. освобожден от должности акима города.
От имени руководства области и от себя лично хотел бы поблагодарить Нурлана Нургазыевича за работу и пожелать ему дальнейших успехов в новой должности.
(Вручается Почетная грамота акима области).
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес қалалық мәслихаттың бүгінгі сессиясында Приозерск қаласы әкімінің лауазымына Қайрат Қанатұлы Смағұловтың кандидатурасы ұсынылып, депутаттардың келісімі алынды.
Менің өкіміммен, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен Қайрат Қанатұлы Смағұлов Приозерск қаласының әкімі болып тағайындалды.
Смағұлов Қ.Қ. 1961 жылы туған. Үш жоғары білімі бар, 1985 жылы Семей мемлекеттік медициналық институтын, 1999 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік қызмет академиясын, 2003 жылы Қазақ қаржы-экономикалық институтын бітірді. Біліктігі бойынша емдеу дәрігері, мемлекеттік қызмет менеджері, экономист-бухгалтер.
Еңбек жолын 1983 жылы медициналық институттың студенті бола жүріп, Семей областық клиникалық ауруханада орта медицина қызметкері, сонан соң жедел медициналық көмек станциясының фельдшері болып бастады.
1985-1991 жылдар аралығында Семей қаласында мемлекеттік медициналық мекемелерде дәрігер болды.
Коммерция саласында басшылық қызметтерде тәжірибесі бар: «ЛАШЫН» кіші кәсіпорын директорының орынбасары, Семей аумақтық тауар-шикізат биржасы директорының орынбасары, «Ақ Бөрі-Семей» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің директоры.
1998-1999 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік қызмет академиясының тыңдаушысы.
1999 жылдың қыркүйек айынан 2005 жылғы ақпанға дейін мемлекеттік қызметте болды.
2001 - 2003 жылдар аралығында Теміртау қаласы әкімінің орынбасары болды.
Орталық мемлекеттік органдарда түрлі қызметтер атқарды: Қазақстан Республикасының стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі Агенттігінде, Энергетика, индустрия және сауда министрлігінде.
2003-2005 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде бас сарапшы болып жұмыс атқарды.
2009 жылғы наурыз айынан 2010 жылдың қыркүйегіне дейін «Орталық-Азия инвестициалық консалтинг компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктігінің Астана қаласы бойынша өкілі.
В соответствии с Указом Президента Республики Казахстан на рассмотрение сегодняшней сессии городского маслихата на должность акима города предложена кандидатура Смагулова Кайрата Канатовича.
Согласие депутатов маслихата получено.
Моим распоряжением, по согласованию с Администрацией Президента Республики Казахстан, Смагулов Кайрат Канатович назначен акимом города Приозерска.
Смагулов К.К. 1961 года рождения. Имеет три высших образования, в 1985 году окончил Семипалатинский государственный медицинский институт, 1999 году Академию государственной службы при Президенте Республики Казахстан, 2003 году - Казахский финансово-экономический институт. По квалификации врач-лечебник, менеджер государственной службы, экономист-бухгалтер.
Трудовую деятельность начал в 1983 году, будучи студентом медицинского института, медбратом Семипалатинской областной клинической больницы, зетам фельдшером Станции скорой медицинской помощи.
С 1985 по 1991 годы работал врачом в государственных медицинских учреждениях города Семипалатинска.
Имеет опыт руководящей работы в коммерческих структурах: был заместителем директора малого предприятия «ЛАШЫН» и Семипалатинской межрегиональной товарно-сырьевой биржи, директором ТОО «Ақ Бөрі- Семей».
С 1998 по 1999 годы являлся слушателем Академии государственной службы при Президенте Республики Казахстан.
С сентября 1999 по февраль 2005 годы был на государственной службе.
С 2001 по 2003 годы был заместителем акима города Темиртау.
Работал в центральных государственных органах: в Агентстве по стратегическому планированию и реформам, Министерстве энергетики, индустрии и торговли.
С 2003 по 2005 годы работал консультантом, затем главным экспертом Канцелярии Премьер - Министра Республики Казахстан.
С марта 2009 по сентябрь 2010 являлся представителем в городе Астане ТОО «Центрально- Азиатская инвестиционная консалтинговая компания».
До назначения являлся советником акима города Жезказгана.
Уверен, что накопленный опыт и знание проблем региона помогут Кайрату Канатовичу справиться с поставленными перед ними задачами.
Қайрат Қанатұлы Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді шешуді қамтамасыз етеді деп сенемін.
Предоствляется слово Бикирову Н.Н.
Предоставляется слово Смагулову К.К.
Выступление Абрамовой Т.Л.-Почетного гражднина города Приозерска.
Қандай сұрақтарыңыз бар?
Какие есть вопросы?
|