Выступление С.Ахметова во время рабочей поездки в Нуринский район, 2010 г


Қарағанды облысының әкімі
С. Ахметовтың Нұра ауданы
 жұртшылығымен кездесудегі сөзі
8 ақпан 2010 жыл


Құрметті нұралықтар!
Қадірлі қауым!

Облыс құрамына алғашқылардың бірі болып енген Нұра үлкен отау, аса ірі аудан. Бүгін сіздерге арнайы келіп отырмын.
Астананың түбіндегі Ахмет ауылынан басталып, Жаңаарқа, Ұлытау, Қорғалжынмен шектесіп жатқан аймақтың атақ-даңқы алысқа аян. Бұл ретте «Ел ұлсыз болмас, жер гүлсіз болмас» дегендей, ең алдымен Абдолла Асылбеков, Сәйділ Талжанов, Бүркіт Ысқақов, Кәрім Мыңбаев, Сауық Тәкежанов, Кеңес Одағының батырлары  И. Колодий, С. Лебедев, «Даңқ» орденінің толық иегері Мүтәш Сүлейменов, Социалистік Еңбек Ерлері Н. Кузнецов, Д. Төлеубаев, П. Айтуғанов сынды ардақты азаматтар - бүкіл қазақ халқының мақтанышы.
Осы орайда қазақтың ақтангер ақыны Қайып Айнабековтың туғанына сәуір айында 125 жыл толғалы отырғандығына айрықша тоқталғым келеді. Оның өнегелі өмірі - бүгінгі ұрпаққа үлгі. Сондықтан арыс азаматымыздың мерейтойын лайықты атап өту – біздің перзенттік парызымыз деп білемін.
Нұра топырағы егемендіктің алғашқы жылдарынан бастап Елбасымыздың қасынан табылып, көмекшісі, сүйеніші болып келе жатқан Президент Әкімшілігін басқарған, бүгінде сенатор, жемқорлыққа қарсы Қоғамдық Кеңестің төрағасы Оралбай Әбдікәрімовты, көп жылдар республиканың Бас прокуроры болған, бүгінде Қазақстан Республикасының Әділет министрі Рәшит Түсіпбековты тағы басқа мемлекет және қоғам қайраткерлерін өсіріп, тәрбиелеген.
Топырағы құнарлы, суы мол, жазық далалы аймақ ертеде түлік түрлерін өсіруге қолайлы болды. Бертін келе ауданда  егін шаруашылығын дамыту қолға алынды. Нұра - бүгінде мыңдаған гектар жерге дән сеуіп, миллиондаған пұт өнім өндіретін облыстағы, қала берді бүкіл еліміздегі астықты аудандардың бірі.
Нұрлы Нұра даласы,
Міне, бүгін қарашы.
Жас ұландай жайнап өскен,
Теміртаудың қаласы.
Металлургия алыбы Қазақстан Магниткасына, Елбасымыз            Н.Ә. Назарбаевтың шыңдалу мектебінен өткен Теміртау қаласына, Арқаның күре тамырындай Нұра өзеніне арналған осынау ән баршаға мәлім.
Нұра ауданы мен Теміртаудың арасында ежелден тығыз өндірістік, әлеуметтік, мәдени терең байланыс бар. Магнитканың салынуына Нұра жұртшылығы көмектессе, ауданның гүлденуіне Теміртау өндіріс орындары тікелей атсалысты.
Сонау комсомол, партия қызметтерінде жүрген кезден білемін. Теміртау мен Нұра арасында арнайы келісім болатын. Сол жылы қатынас әлі де жалғасып келеді және жалғаса бермек.
Өздеріңізге белгілі, ел Президенті ауыл шаруашылығын, агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға ерекше көңіл бөліп келеді. Себебі, ауылдың өркендету – бұл мемлекетімізді бәсекеге қабілетті етудің басты факторларының бірі.
Осы орайда Нұра республикамыздың ірі шаруашылық ауданы ретінде Қарағанды облысынан тыс жерлерде барынша танымал.  Әсіресе, «Шахтерское», «Пржевальское», «Қайнар», «Отқанжар» шаруашылықтарының толымды жұмыстары көз сүйсінтіп, көңіл қуантады. Ылғал сақтау технологиясы, элиталы тұқым, мал тұқымдарын асылдандыру және басқа да ауыл шаруашылығы ғылымының соңғы жаңалықтарына негізделген ауқымды жұмыстар – болашаққа жасалған маңызды қадам деп есептеймін.
Құрметті жерлестер! Алдағы уақытта да ерен еңбектеріңізбен ел дамуына, мемлекетіміз өсіп-өркендеуіне сүбелі үлес қоса береді деп сенемін. Еңбекте толағай табыс, отбасыларыңызға амандық, бақ- береке тілеймін.
Танымал тұлғалар, қайраткерлер
Асылбеков Абдолла Әбдірахманұлы (1896-1938), партия, кеңес және мемлеткет. қайраткері, Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату күресіне қатысқан. 1913-16 ж. Ақмола қазақ-татар жастарының мәдени-ағарту үйірмелерін ұйымдастырушылардың бірі. Қазақстандағы 1916 ж. ұлт-азаттық қозғалысына қатысқан. 1919-1921 ж. Қиыр шығыстағы Азамат соғысына қатысты. 1921 ж. Қызыл Армияның Петропавл, Ақмола және Көкшетау  уездеріндегі контррев. көтерілісті бастау жөніндегі штаб өкілінің орынбасары болды. 1921-23 ж. ҚАКСР Халық ағарту комиссариаты саяси ағарту бөлімінің бастығы, РК(б)П Қырғыз (Қазақ) бюросының мүшесі. 1923-26 ж. Мәскеуде Тимирязов атында. а.ш. академиясында оқыды. 1926-28 ж. Егіншілік халкоматында басшы қызметте істеді, Қостанай окр. Аткомның төрағасы болды. 1928-38 ж. Қазақ ОАК хатшысы, Қарқаралы окр., Қарағанды обл. Кеңес аткомның 1-ші төтағасы, ҚазКСР жеңіл өнеркәсіп халкомының орынбасары және Әлеуметтік қамсыздандыру халкомы. РК(б)П 11-съезінің делегаты, Қырғыз (Қазақ) обкомның және Қазақстан өлкелік партия комитетінің, Қазақстан К(б)П ОК мүшесі, БОАК және Қазақ ОАК мүшесі. Қызмет істеген үйде (қазіргі Қарқаралы өлкетану мұражайы) мемор. тақта орнатылған. 1937 ж. әйгілі «Қарағанды ісі» бойынша жазықсыз айыпталып, атылды
Қайып Айнабеков (1885-1955), халық ақыны, КСРО Жазушылыар одағының мүшесі (1943). 1916 ж. ұлт-азаттық қозғалысына және облыс өңірінде Кеңес өкіметін орнатуға қатысқан. 20-жылдары Қорғалжын, Еркіндік болыстық кеңесінің төрағасы болды. Сонымен қатар жыр жазумен шұғылданды. 1928 ж. «Қырдың қызыл гүлдері» тұңғыш өлең жинағы жарық көрді. 30-ж. Қарағанды шахталарында еңбек етті. 50-ж. «Алып туралы аңыз» поэмасы басылып шықты. Ақынның өлендері 1958 ж. Мәскеуде орыс тілінде шыққан «Антология казахской поэзии» атты кітапқа енді. Кеңестердің Бұкілқазақстандық 2- съезінің делегаты. Киевка к. Бір көшесі Қ. Айнабеков есімімен аталды.
Жолдыкей Нұрмағанбетов (1888 ж.т.), Ңұра ауданының белгілі халық ақыны. Оның өмірі Жаңарқа, Нұра жерінде өтті. ҰОС ж. ел қорғауға үндеген бірнеше өлеңдер жазды. Өлеңдері оның көзі тірісінде «Советтік Қарағанды» газетінде жарияланып түрған. 1961 ж. «Қарағанды жұмысшыларының әңгіме-жылдары», 1965 ж. «Пернедегі термелер» жинақтарына өлең толғаулары енсе, 1966 ж. шыққан «Айтыс» кітабына енгізілген. 1943 ж. республикалық ақындар айтысына қатысқан.
Кәрім Мыңбаев (1906-1948), өсімдік өсіру саласындағы ғалымы, биология ғылымының. докторы (1944), ҚАЗКСР ҒА-ның корр. Мүшесі (1946), Ортаазиялық мақта-ирригация инс-тын бітірген (1932). 1934-36 ж. Қазақ а.ш. ин-тында және Алматы селекция ст-Нда ғыл.-пед жұмыстарда болды. 1936-42 ж. Бүкілодақтық өсімдік өсіру ғыл.-зерт. ин-тында аспирант, каучукті өсімдіктер бөлімінің меңгерушісі. 1942-44 ж. Қаз КСР Жоспарлау к-ті төрағасының орынбасары. 1944 ж. ВАСХНИЛ –дің қазақ филиалы Президиумының төрағасы болды. Қаз МУ-де дарвинизм кафедрасын басқарды. Дәнді –дақылдар өнімділігін арттыру жолдарын анықтады. 2-сайл. ҚазКСР Жоғ. Кеңесінің депутаты.
Талжанов Сейділ Омарұлы (1906-1972), жазушы, аудармашы, ғалым. Ташкенттегі Орта Азия ун-тін (1931), Алматыдағы Қазақ пед. ин-тын бітірген (1934), Қазақ ССР Оқу Министрлігінде, а.ш. ин-тын (1934-1937), Қазақ Мемлекеттік көркем әдебиет баспасында (1956-1958), Қазақ ССР Ғылым академиясында (1958-1957) қызмет істеген. Алғашқы әңгімелері 1927 ж. жарияланды. «Ұстаның үйі» (1957), «Адам туралы аңыз» (1965), «Сейфулланың Сәкені»(1954) т.б. Сәкен Сейфуллин, Қайып Айнабеков сияқты атақты ағаларымыздың өнегелі өмірін суреттеді. «Өткен күндер сөйлейді» деген жинағы, ақырғы творчествалық туындысы. Филология ғылымының кандидаты (1962), докторы (1972) ғылыми дәрежесіне ие болды.
Мұқышев Қабыкен Мұқышұлы (1920-1976), ақын, КСРО Жазушылар одағының мүшесі (1943). Қызылшілік ауыында туған. Алматы қ. Абай атындағы пед. инст. Бітірген (1941). Киевка аул. Мект. Қазақ тілі мен әдебиет пәнәнің мұғалімі (1943-1944), обл. Оқу бөлімінің бөлім меңгерушісі әрі оқытушы (1945-1948), мектептерде мұғалім (1948-1968). Он бестен астам өлең жинақтарының авторы.
Теміров Махмет (1923ж.т.), ақын, жазушы. Қарағанды пед.инст.және респ. Шет тілдер инст. Бітірген (1945,1956).Көп жылдар Көбетей аул. Мектепте ағылшын, неміс тілдерінен дәріс берді. «Қилы кезеңдер»,
«Арман мен азап», «Қуан қазақ, азаттық алғаныңа» атты кітаптардың авторы. 2005 ж. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.
Ысқақов Бүркіт (1924 ж.т.), ҰОС қатысушы, филолог. ғыл. канд., КСРО Жазушылар одағының мүшесі. Көкмөлдір аул. Туған. Республикалық «Пионер» журналы мен «Лениншіл жас» газеті редакциясында бөлім менгерушісі, жауапты хатшы (1946-1951)  қызметтерін атқарған. 1951 ж. репрессияға ұшырап, 1956 ж. толық ақталған соң бұрынғы қызмет орнына қайта оралды. Б Ысқақовтың «Тас еденнің ызғары» атты өлеңдер топтамасы бар.
Жойқынбеков Қанат (1937 ж.т.), жазушы ҚазМУ-ді бітірген (1961). Қарағанды обл. «Орталық Қазақстан» газетінде әдеби қызметкер, республикалық «Социалистік Қазақстан» газетінің Целиноград облысындағы меншікті тілшісі, «Жазушы» баспасында ректор болған. «Махаббат әлдиі», «Азамат арманы», «Оралу», «Біздің ауылдың адамдары», «Замандастар», «Өз тағдырыңа қожа бол» атты прозалық кітаптардың, «Төрт боздақ пен бір қыз», «Азамат болсаң» пьесаларының авторы.
Сүлейменов Мүтәш Сүлейменұлы (1921-2006), сержант, Даңқ орденінің толық иегері (1945). Қарағанды қаласы мен Нұра ауданының құрметті азаматы. ҰОС дейін ұжымшар есепшісі. 1942ж. 114-атқыштар бригадасының құрамында ұрыстарға қатысты. 139-атқыштар дивизиясының 364-Қызыл ту атқыштар полкінің расчет командирі болды. Белоруссияны, Польшаны азат етуде, Германия территорияларында жауынгерлік ерліктер көрсетті. Үш рет жараланған. 1945ж., 1985ж, 1995ж. және 2005ж. Жеңіс шерулеріне қатысушы. Соғыстан кейін Нұра ауданындағы Казгородок ауылындағы орта мектепте бастауыш әскери даярлық пәнінің оқытушысы. «Қызыл жұлдыз» орденімен марапатталған. Кертінді ауылындағы орта мектеп М.Сүлейменов атында.
Әбдікәрімов Оралбай (1944 ж.т.), мемлекет қайраткері. Қарағанды индустриалды-педагогикалық техникумын (1961), Кар МУ-ді (1975), Алматы Жоғары партия мектебін бітірген. Қазақстан ЛКЖО Қарағанды обкомының бөлім меңгерушісі болды. 1975 ж. партиялық жұмыста: Қазақстан КП Қарағанды обкомының бөлім меңгерушісінің орынбасары. 1985 ж. Қазақстан КП ОК ұйымдық-партиялық және кадырлармен жұмыс бөлімінде сектор меңгерушісі. 1991 ж. ҚР Президентіні мен Министрлер Кабинеті аппаратында бөлім меңгерушісі.1994 ж. ҚР президент аппараты әкімшілігі басшысының орынбасары. 1996 ж. ҚР Мәжілісі аппаратының басшысы,ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы болды. 1997 ж. ҚР Жоғарғы тәртіп кеңесінің төрағасы, 1999 ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Сенат төрағасы. 2004 ж. ҚР Мемлекеттік хатшысы. 2007ж. қайта ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комиссиясының төрағасы, 2-ші дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталған.


Ірі шаруашылық өнеркәсіптері

«Шахтерское» ЖШС,
директоры – Прокоп Георгий Георгиевич

«Шахтерское» ЖШС аса ірі элиталық тұқым шаруашылығы, шаруашылығындағы жарамды жер көлемі – 35,9 мың гектар.
2009 жылғы егіс алқабы 26531 га. Жыл сайын 6 мың га егістік алқапқа таза қара сүрі жасайды.
2003 жылдан бастап элиталы-тұқым шаруашылығы  стасусын алған. Шаруашылықта бидайдың «Саратов - 29», «Қарағанды - 22», «Қарабалық - 90» сияқты сорттары өсіріледі. Жыл сайын облыстық және аудандық шаруашылықтардың қажеттілігіне   1050 тонна элиталық және 9000 тонна  1 репродуциялық  тұқым өндіреді.
2009 жылы 43436 тонна  астық жинап , гектарынан  17,6 центнер өнім алды.
«Шахтерское» элиталық-тұқымдық шаруашылығы жер өңдеуде ылғал сақтау озық технологиясын игерген.
Тәулігіне 386 бөлка нан шығаратын наубайханасы бар.

«Пржевальское» ЖШС,
директоры – Тәттібаев Ықсан Балтабайұлы

«Пржевальское» ЖШС аса ірі тұқым шаруашылығы, шаруашылығындағы жарамды жер көлемі – 33,9 мың гектар.
2009 жылғы егіс алқабы 20074 га. Жыл сайын 5,0 мың га егістік алқапқа таза қара сүрі жасайды.
Шаруашылықта бидайдың «Саратов - 29», «Қарағанды - 22», сияқты сорттары өсіріледі. Жыл сайын облыстық және аудандық шаруашылықтардың қажеттілігіне   1000 тонна тұқым өндіреді.
2009 жылы  27125  тонна  астық жинап , гектарынан  14,5 центнер өнім алды.
 «Пржевальское» тұқым шаруашылығы жер өңдеуде ылғал сақтау озық технологиясын игерген.
Тәулігіне 250 бөлка нан шығаратын наубайханасы бар.

«Қайнар» ЖШС,
директоры – Нығметов Сейтжаппар Алшынбекұлы

«Қайнар» ауданымыздағы аса ірі егін және мал шаруашылығымен айналысатын жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Шаруашылығындағы жарамды жер көлемі – 101,1 мың гектар.
2009 жылғы егіс алқабы 30000 га. Жыл сайын 5,0 мың га егістік алқапқа таза қара сүрі жасайды.
Шарушылық 2004 жылдан бастап мүйізді ірі қара өсірумен шұғылданады. Шаруашылықтағы ірі қара малдың  жалпы саны 987 бас оның ішінде «Әулиекөл»  асыл тұқымды сиырының буданы 500 бас.
2009 жылы  23686  тонна  астық жинап, гектарынан  8 центнер өнім алды.
«Қайнар»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жер өңдеуде ылғал сақтау озық технологиясын қолданады.
Тәулігіне 500 бөлка нан шығаратын наубайханасы бар.



«Отқанжар» ЖШС,
директоры – Отарбаев Қанат Жариясұлы

«Отқанжар» ауданымыздағы  ірі мал шаруашылығымен айналысатын жауапкершілігі шектеулі серіктестік. Шаруашылығындағы жарамды жер көлемі – 95,9 мың гектар құрайды.
2009 жылғы егіс алқабы 5010 га. Жыл сайын 1 мың га егістік алқапқа таза қара сүрі жасайды.
Шарушылық 2003 жылдан бастап асыл тұқымды зауыт дәрежесіне ие болып, асыл тұқымды Қарғалы қойын өсіріп, оның санын 16 мың басқа жеткізді.
2009 жылы  3371  тонна  астық жинап, гектарынан  6,7 центнер өнім алды.
Асыл тұқымды «Отқанжар» ЖШС-і облысымыздың шаруашылықтарына квота бойынша  жыл сайын 2000 бас асыл тұқымды қой сатады.
Тәулігіне 250 бөлка нан шығаратын наубайханасы бар.
 

Как Вы оцениваете работу акима области С. Ахметова?
Архив опросов
25 ноября 2011
Караганда Другие города
-17 °C
без осадков,облачно
З, 3 м/с
25 ноября 2011
Доллар США   147.20
Евро   197.04
Российский рубль   4.69
 
Послание Президента РК
 
Предыдущие послания
Президента РК
           
 
           
 
           
 
         
Архив online конференций и баннеров
© 2005-2011 Информационный портал Акимата Карагандинской области
При использовании материалов сайта ссылка на источник обязательна
Разработка и поддержка: Интернет-компания Creatida

Карта сайта