Жаңалықтар

28 Желтоқсан 2011 - Теміртауда Мемлекет басшысының жаңажылдық шыршасы болды

Осымен бірнеше жыл қатарынан тамаша дәстүр бойынша еліміздің барлық өңірлерінде Мемлекет басшысы біздің кішкентай бүлдіршіндеріміз үшін жаңажылдық шырша мерекесін өткізіп келеді.

 
Биылғы жылы Қарағанды облысында балалардың жаңажылдық мерекесі «Тәуелсіздік – алтын бесігіміз» ұранымен ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбек жолы басталған Теміртау қаласында өткізілді.
Жаңажылдық шыршаға жетім, ата-анасының қарауынсыз қалған, оның ішінде балалар үйлері мен арнайы мектеп-интернат тәрбиеленушілері, сондай-ақ көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан барлығы 150 бала шақырылды.
Шырша мерекесі алдында олар ҚР Тұңғыш Президентінің тарихи-мәдени орталығын, «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының металлургиялық комбинатын, Қысқы бақты аралап, қызыға тамашалады.
Теміртау қаласының Мәдениет сарайының фойесінде кішкентай қонақтарды ертегі кейіпкерлері қуана қарсы алды.
Ал, ең бастысы, балғындарды Жаңа жылдарымен ел Президенті құттықтады.
Соңынан бүлдіршіндерге облыс әкімі Серік Ахметов те жылы тілегін арнады.
 - Жақсы дәстүр бойынша, бүгін Жаңа жылдың қарсаңында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еліміздің барлық балаларына шырша мерекесін өткізуде. Сендер Президентіміздің өздеріңе арнаған ізгі тілегін тыңдадыңдар. Елбасы сендерге үлкен үміт артады. Өйткені, сендер – Қазақстанның болашағысыңдар. Осыны ешқашан ұмытпау керек. Сондықтан сабақты жақсы оқып, үлкен мақсат қойып, соған жету үшін еңбектену қажет. Сонда ғана еліміздің мақтанышына айналған азамат боласыңдар, – деді аймақ басшысы.
Бұдан кейін әрбір балаға сыйлықтар тапсырылып, жаңажылдық қойылымнан кейін мерекелік ас ұйымдастырылды.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 

Жаңалықтардың лентасы

Сіз облыс әкімі С.Ахметовтың қызметін қалай бағалайсыз?
Мұрағат
21 Қаңтар 2012
Караганда Другие города
-19 °C
без осадков,ясно
З, 4 м/с
21 Қаңтар 2012
Доллар США   148.32
Евро   191.64
Российский рубль   4.73
 
Послание Президента РК
 
Қазақстан Республикасы Президентінің алдыңғы Жолдаулары
           
 
           
 
           
 
         
Online конференциялар және баннерлердiң архивы      Сайт картасы
© 2005-2011 Қарағанды облысы әкімдігінің ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы