Жаңалықтар

29 Желтоқсан 2011 - Мерейтойлық медальдар тапсырылды

28 желтоқсанда облыс әкімі Серік Ахметов бір топ қызметкерлерге «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медальдарын тапсырды.

 
Олардың арасында – Қазақстан-Ресей университетінің ректоры, органикалық синтез және көмір химиясы институтының директоры, химия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Зейнолла Молдахметов, «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС президенті, Директорлар кеңесінің тең төрағасы Владимир Ким, облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғабит Матаевтар болды.
Мерейтойлық медальдармен бұқаралық ақпарат құралдарының да бірқатар өкілдері марапатталды. Атап айтқанда, «Хабар» агенттігінің Қарағанды облысы бойынша меншікті тілшілері Владимир Магай, Ардақ Қабыханов пен телеоператор Василий Савкин, республикалық «Қазақстан» телеканалының меншікті тілшісі Нұрлан Әбжанов пен телеоператор Бекзат Нұрмағамбетовтер. Сондай-ақ «Интерфакс» агенттігінің тілшісі Айнұр Балакешова мен «Казинформ» тілшісі Валентина Елизарова, республикалық «Время» газетінің тілшісі Сергей Перхальскийлер облыс басшысының қолынан мерейтойлық медальды алды.
- Сіздерді бүгінгі қуаныштарыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Бұл - сіздердің егемен еліміздің өсіп-өркендеуіне, өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлестеріңізге берілген лайықты баға. Сіздер өздеріңізге жүктелген міндетті абыроймен атқарып келесіздер, - деді облыс әкімі.
Аймақ басшысы жиын барысында 24 желтоқсанда өткен Қарағанды облысының соғыс және еңбек ардагерлерінің облыстық ұйымының кезектен тыс пленумында Жұман Мұстафиннің ұйым төрағалығынан денсаулық жағдайына байланысты өз өтінішімен босатылғанын хабарлады. Бұл қызметке бір ауыздан Оралды Төреғожин сайланды. Зейнеткерлікке шыққанға дейін ол партиялық және кеңестік органдарда ұзақ жылдар басшылық қызметтерді атқарды, облыс әкімшілігі аппаратының басшысы, жер қатынастары басқармасының бастығы болып жұмыс істеді.
Серік Ахметов тағы бір кадрлық өзгеріс туралы хабарлады. Қарағанды облысының ауыл шаруашылық басқармасы бастығының бос лауазымына Асанов Бауыржан тағайындалды.
Асанов Бауыржан Қоңырбайұлы 1968 жылы туған. Үш жоғары білімі бар. Біліктілігі бойынша ветеринар дәрігер, заңгер, экономист. 2006 жылдан бері мемлекеттік қызметте. Тағайындалғанға дейін Қарағанды облысының жер қатынастары басқармасының жоспарлау, болжау және жерді пайдалану бөлімінің бастығы болып қызмет атқарды.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 

Жаңалықтардың лентасы

Сіз облыс әкімі С.Ахметовтың қызметін қалай бағалайсыз?
Мұрағат
20 Қаңтар 2012
Караганда Другие города
-19 °C
без осадков,ясно
З, 4 м/с
20 Қаңтар 2012
Доллар США   148.32
Евро   191.64
Российский рубль   4.73
 
Послание Президента РК
 
Қазақстан Республикасы Президентінің алдыңғы Жолдаулары
           
 
           
 
           
 
         
Online конференциялар және баннерлердiң архивы      Сайт картасы
© 2005-2011 Қарағанды облысы әкімдігінің ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы