Жаңалықтар
29 Желтоқсан 2011 - «АрселорМиттал Теміртау» компаниясымен әлеуметтік ынтымақтастық бойынша кешенді жоспарға қол қойылды
29 желтоқсанда облыс әкімдігі мен «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы арасында әлеуметтік ынтымақтастық бойынша кешенді жоспарға қол қойылды.
Салтанатты рәсімді аша келіп, облыс әкімі Серік Ахметов 2011 жылға арналған жалпы сомасы 1 млрд. 784,4 млн. теңгені құраған өзара ынтымақтастық меморандумның толық орындалғандығын атап өтті.
Меморандум шеңберінде Теміртау қаласындағы ҚР тұңғыш Президентінің Тарихи-мәдени орталығының, Шахтинскідегі Тәуелсіздік скверының құрылысына, Саран қаласының орталық алаңын абаттандыруға қаражат бөлінді. Абайда 25 үйдің қасбеті мен шатырлары жөнделді. сонымен қатар «Шахтер» және «Болат-АрселорМиттал Теміртау» футбол клубтары қаржыландырылды. Барлығы 32 шара жүзеге асырылды.
2012 жылы компания Теміртау қаласындағы Мұз айдыны сарайын күрделі жөндеуден өткізуге, ҚР тұңғыш Президентінің Тарихи-мәдени орталығын жабдықтауға қаржы бөлмекші.
Компания «Мақажанов атындағы облыстық травматология және ортопедия орталығы» ҚМКК күйікке қарсы кереует сатып алуға да қаржылай көмек жасайтын болады.
Сондай-ақ Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестік әртістеріне дербес үстемеақы төлеу және шетелдік оқу орындарына жіберілген 7 студенттің оқу ақысын төлеуді жалғастырады.
Теміртау қаласының «Арыстан» хоккей командасын, «Шахтер» және «Болат-АрселорМиттал Теміртау» футбол клубтарын қаржыландырып, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне материалдық көмек көрсетеді.
Жалпы алғанда кешенді жоспардың барлық тармақтарын жүзеге асыруға 1 млрд. 350 млн. теңге бөлу көзделіп отыр.
- Біз «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының басшылығына облысымыз үшін маңызы ерекше әлеуметтік мәселелерді шешуге белсене араласқаны үшін алғысымызды білдіреміз, - деді жиын соңында Серік Ахметов.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі
Жаңалықтардың лентасы
|