Жаңалықтар

30 Желтоқсан 2011 - Облыс әкімі Қазақстан Кубогының иегері «Тұлпар» командасын қабылдады

Жаңа Жыл қарсаңында облыс әкімі Серік Ахметов футзал бойынша Қазақстан Кубогының иегері атанған қарағандылық «Тұлпар» командасын қабылдады.
 
Команда басшылығы мен оның мүшелерін жарқын жеңістерімен құттықтаған аймақ басшысы былай деді:
- Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойлы жылы біздің спортшыларымыз үшін де, оның ішінде футболшыларымыз үшін де жемісті жыл болғанын атап өткім келеді. Оның үстіне бұл жеңістеріңіз сіздердің клубтарыңыздың құрылғанына 10 жыл толған кезеңмен тұспа-тұс келіп отыр.
Облыс әкімі «Тұлпар» командасының құрамы толықтай жергілікті футбол мектебінің түлектері екендігін және оның бүгінгі күні еліміздегі ең мықты командалардың бірі екендігін айрықша атап өтті.
Клуб президенті Анатолий Смотрицкий өзінің жауап сөзінде облыс басшылығына командаға көрсеткен қолдаулары мен жалпы мини-футболды дамытуға деген қамқорлығы үшін шынайы алғысын жеткізді. Бұдан кейін «Тұлпардың» бас бапкері облыс әкімімен биылғы жылдың қазан айында болған кездесуден кейінгі өзгерістер туралы әңгімелеп берді.
Кездесу соңында Серік Ахметов футболшыларды 2011 жылғы футзалдан Қазақстан Республикасының кубогын иеленген жеңістерімен тағы да құттықтап, жылы лебізін білдірді.
- Осы маусымның өзі маңызды оқиғалармен басталды. Алдымен Суперкубокты, одан кейін Қазақстан Кубогын жеңіп алдыңыздар. Бұл «Тұлпар» командасының әлеуетінің аса зор екендігін, әрі биылғы маусымда да чемпиондық атаққа қол жеткізуге толық мүмкіндіктеріңіздің бар екендігін айғақтайды. Ендігі сіздердің барлық назарларыңыз осы мақсатқа жетуге арналуы тиіс, - деді облыс әкімі.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі

Жаңалықтардың лентасы

Сіз облыс әкімі С.Ахметовтың қызметін қалай бағалайсыз?
Мұрағат
21 Қаңтар 2012
Караганда Другие города
-19 °C
без осадков,ясно
З, 4 м/с
21 Қаңтар 2012
Доллар США   148.32
Евро   191.64
Российский рубль   4.73
 
Послание Президента РК
 
Қазақстан Республикасы Президентінің алдыңғы Жолдаулары
           
 
           
 
           
 
         
Online конференциялар және баннерлердiң архивы      Сайт картасы
© 2005-2011 Қарағанды облысы әкімдігінің ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы