Жаңалықтар

10 Қаңтар 2012 - Шайбалы хоккейден қарағандылық «Сарыарқа» мен астаналық «Барыс-2» командалары бақ сынасты

9 қаңтарда Қазақстан Республикасының шайбалы хоккейден жоғарғы лигасы Чемпионатының екінші кезеңі шеңберінде қарағандылық «Сарыарқа» мен астаналық «Барыс-2» командалары арасында матч болып өтті.
 
Спортшылар мен тек Қарағандының ғана емес, серіктес қалалардан да осы ойынды көру үшін арнайы келген хоккей жанкүйерлеріне арнаған құттықтау сөзінде облыс әкімі Серік Ахметов былай деді:
- Қос команда кездесуінің бір ерекшелігі – бұл ойын ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай салынып, ашылуына ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өзі келіп қатысқан осынау тамаша Мұз айдыны сарайында өтіп жатқандығы дер едім.
Облыс әкімі өз сөзінде осы нысанның ашылу салтанатында Мемлекет басшысының алты мың көрерменнің алдында «Егер тәуелсіздігіміз болмаса, мұндай сарайларымыз да болмас еді. Жастарды спортпен белсенді түрде айналысуға шақырамын. Кімнің білімі мен денсаулығы мықты болса, сол жеңеді» деген сөздерін келтірді.
Аймақ басшысы хоккейдің біздің өңірімізде ондаған жылдар бойы қарқынды дамып келе жатқандығын, әрі оның қарағандылықтар үшін ең сүйікті спорт түрлерінің бірі екендігін атап айтты.
Біздің хоккей клубтарымыз Қазақстан Республикасының Чемпионаттары мен кубок ойындарында облысымыздың намысын қолдан бермей, әдемі ойын өрнегін көрсетіп жүр. Атап айтқанда, 2009-2010 жылғы маусымда «Сарыарқа» командасы республика чемпионы атағын жеңіп алды. Ал, 2011 жылы теміртаулық «Арыстан» клубы Қазақстан кубогының иегері атанды.
- Аумағы 15 мың шаршы метрден асатын, халықаралық стандарттарға сай келетін Мұз айдыны сарайы хоккейді дамытудың жақсы базасы боларына сенімдімін. Бүгінгі ойында хоккейшілерге сәттілік, ал жанкүйерлердің ұмытылмас әсер алуларына тілектеспін, - деді сөз соңында Серік Ахметов.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі

Жаңалықтардың лентасы

Сіз облыс әкімі С.Ахметовтың қызметін қалай бағалайсыз?
Мұрағат
20 Қаңтар 2012
Караганда Другие города
-19 °C
без осадков,ясно
З, 4 м/с
20 Қаңтар 2012
Доллар США   148.32
Евро   191.64
Российский рубль   4.73
 
Послание Президента РК
 
Қазақстан Республикасы Президентінің алдыңғы Жолдаулары
           
 
           
 
           
 
         
Online конференциялар және баннерлердiң архивы      Сайт картасы
© 2005-2011 Қарағанды облысы әкімдігінің ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы