Жаңалықтар


19 Қаңтар 2012 - Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы болып өтті

19 қаңтарда облыс әкімі Серік Ахметов экономиканы үдемелі индустриалдық-инновациялық дамыту бойынша Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы болып өтті.
 
Отырыс басында аймақ басшысы кәсіпкерлердің қазақстандық Ассоциациясының президенті Талғат Доскеновке «Құрмет» орденін тапсырды. Ол бұл жоғары наградаға облыс қызметкерлерінің үлкен тобымен бірге мемлекет алдындағы еңбегі, белсенді қоғамдық қызметі, еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан зор үлесі үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы құрметіне орай ие болды.
Үйлестіру кеңесінің жұмысын жалғастыра келіп, облыс әкімі өткен жылы «Бизнестің Жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде 91 жобаның мақұлданғанын хабарлады. Индустриаландыру картасы аясында жалпы сомасы 36 млрд. 692,1 млн. теңгені құрайтын 24 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 1541 жұмыс орны құрылды. «Бұл жақсы көрсеткіштер, биылғы жылдың нәтижелері де бұдан кем болмайды деп сенемін», - деді өңір басшысы.
Бұдан кейін Индустриаландыру картасына енгізу ұсынылып отырған бірқатар инвестициялық жобалар қаралды. Оларды жүзеге асыру аймағымыздың өнеркәсіптік әлеуетін арттыра түсуге септігін тигізері сөзсіз.
Солардың кейбіріне тоқтала кететін болсақ, «Алтын алмас» АҚ директоры Данияр Қанашев ұсынған Ақтоғай ауданындағы «Пустынное» таукен-металлургиялық кәсіпорнын жаңғырту және кеңейту» жобасы жылына 2 миллион тонна руда шығаруды көздейді. Оның құны 20 млрд. теңгені құрайды, 500 аса жұмыс орны құрылмақшы.
«Hyunwoo Central Azia» ЖШС жылуоқшауланған құбырлар өндіретін зауыт салуды жоспарлап отыр. Ол жөнінде аталған компанияның менеджері Асқар Қуаналиев хабарлады. Жобаның құны – 7,4 млрд. теңге, жобалық қуаттылығы – жылына 2100 км құбыр шығару. Бұл құбырлар тозу деңгейі 70% асып кеткен магистралдық және аудандық деңгейдегі жылу желілерін біртіндеп ауыстыруға арналған.
Жылу және электр энергиясы тапшылығының төмендеуіне «Қарағанды ЖЭО-3 үшінші кезеңі» жобасы ықпал жасайтын болады. Онда №6 турбина мен №8 қазандық агрегатын орнату көзделінеді. «ҚарағандыЭнергоорталығы» ЖШС бас директоры Сабырғали Ыдырысовтың айтуынша, жобаға салынатын инвестиция 27,7 млрд. тенгені құрайды, ал оны жүзеге асырудың нәтижесінде 2015 жылға қарай 675 МВт электр және 1120 Гкал/сағ жылу энергиясы өндірілетін болады.
Индустриаландыру картасына енгізу үшін Ленин атындағы шахтыда метан газын пайдалана отырып электр энергиясын алудың пилоттық қондырғысы да ұсынылған болатын. Әзірлеушілер бұл жобаның ҮИИД мемлекеттік бағдарламасы мен энергия үнемдеу бағдарламасының барлық талаптарына сай келетіндігіне әбден сенімді екендігін білдірді.
«ТИАТР» трансұлттық компаниясы 2011-2020 жылдарға арналған «Ақбұлақ» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға толық мүмкіндігі бар» деп есептейді компанияның президенті Альберто Лигай. Осыған орай ол қолданыстағы құбырларды ауыстыру және жаңадан төсеу үшін полиэтилен құбырларын шығаратын жобаны ұсынды. Бүгінгі күні барлық монтаждық жұмыстар аяқталып, іске қосу шаралары жүргізілуде. 2012 жылдың екінші тоқсанының басында желіні іске қосу жоспарланып отыр. Жобалық қуаттылығы жылына 7 мың тонна құбырды құрайтын болады. Аталмыш өндірістің құны – 350 млн. теңге, 70 жұмыс орны ашылады.
«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының бірінші және үшінші бағыттары бойынша кредитті субсидиялауға берілген өтінімдер қаралды.
- Бағдарламаны неғұрлым пәрменді жүзеге асыру және кәсіпкерлерді жан-жақты қолдау үшін екінші деңгейлі банктер мен әкімдіктер бұл бағдарламаның шарттары мен механизмдерін түсіндіру жұмыстарын ширатуы тиіс, - деп атап айтты облыс әкімі.
Отырыс қорытындысы бойынша Серік Ахметов кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына қарастырылған инвестициялық жобалардың құжаттарын ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне жолдауды, сондай-ақ «Бизнестің Жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша мақұлданған жобалар тізімін ҚР экономиикалық даму және сауда министрлігіне жолдауды тапсырды.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі

Жаңалықтардың лентасы

Сіз жылу маусымын қалай бағалайсыз?
Мұрағат
23 Ақпан 2012
Караганда Другие города
-26 °C
без осадков,пасмурно
Ю-З, 1 м/с
23 Ақпан 2012
Доллар США   148.01
Евро   195.67
Российский рубль   4.97
 
Послание Президента РК
 
Қазақстан Республикасы Президентінің алдыңғы Жолдаулары
Индустриально-инновационное развитие
Государственные закупки
           
 
           
 
           
 
         
Online конференциялар және баннерлердiң архивы      Сайт картасы
© 2005-2012Қарағанды облысы әкімдігінің ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
http://validator.w3.org/images/valid_icons/valid-html401