Жаңалықтар
23 Қаңтар 2012 - Облыс әкімі соғыс және еңбек ардагері Мәлік Имашевты қабылдады
22 қаңтарда облыс әкімі Әбілғазы Құсайынов 90 жасқа толған мерейлі мерейтойына орай соғыс және еңбек ардагері Мәлік Имашевты қабылдады.
Аймақ басшысы құттықтау сөзінде Мәлік Имашұлының өнегелі өмір жолын, қоғамдық қызметін айрықша атап өтті.
Ұлы Отан соғысы жылдарында жиырмадағы жалынды жас әскери авиацияда жасындай жарқылдап, ерліктің ерен үлгісін көрсетсе, соғыстан кейінгі жылдары партия, кәсіподақ ұйымдарында еселі еңбек етті.
Зейнетке шыққан соң да Мәлік Имашұлы қол қусырып отырмай, Қарағанды «Полиграфия» баспасын басқарды. Тәжірибелі басшының іскерлігінің арқасында аталмыш кәсіпорын бұрынғы КСРО елдерінің арасында полиграфия саласында алдыңғы қатарға шықты.
Мәлік Имашұлының Отан алдындағы еңбегі ескерусіз қалған жоқ. Ол көптеген ордендермен, медальдармен марапатталған. Мәдениет саласының еңбек сіңірген қызметкері, баспа саласының үздігі, Қазақстан журналистер Одағының мүшесі. Жасының ұлғайғанына қарамастан қарт қайраткер аймақтың қоғамдық өміріне белсене араласып келеді.
Әбілғазы Құсайынов ардагерді торқалы тойымен құттықтап, ізгі тілегін білдіріп, оған облыс әкімінің Құрмет грамотасын және бағалы сыйлықты тапсырды.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі
Жаңалықтардың лентасы
|