Жаңалықтар
24 Қаңтар 2012 - Қарағанды облысының әкімі Әбілғазы Құсайынов басқарма басшыларының есебін тыңдады
24 қаңтарда облыс әкімі Әбілғазы Құсайынов әлеуметтік сала, ішкі саясат, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының мәселелерімен айналысатын басқарма басшыларын қабылдады.
Аймақ басшысы өткен жылғы атқарған жұмыстары жайлы есептерін тыңдап, алдағы кезеңге қатысты бірқатар міндеттер қойды. Дәлірек айтқанда, жылыту маусымының апатсы өткізу, энергияүнемдеу бағдарламасын жүзеге асыру, жалпы білім беретін мектептерді жүз пайыз компьютерлендіру және басқа да мәселелер бойынша нақты тапсырмалар берді.
Облыс әкімі сондай-ақ өңірдегі ішкі саяси ахуалды нығайту бойынша кешенді жоспар әзірлеуді және облыстық онкологиялық диспансер базасында стереотаксиялық радиохирургия орталығын құруды шапшаңдатуды тапсырды.
Жаңалықтардың лентасы
|