Жаңалықтар


31 Қаңтар 2012 - Қарағандыда ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауының негізгі бағыттарын жүзеге асыру міндеттері талқыланған актив жиыны болып өтті

31 қаңтарда ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауының негізгі бағыттарын жүзеге асыру міндеттері талқыланған актив жиыны болып өтті.
 
Облыс әкімі Әбілгазы Құсайынов аталмыш мәселе бойынша баяндама жасады.
-Жолдаудың бірінші «қазақстандықтарды жұмыспен қамту» бағытышеңберінде биылғы жылы аймақта 48 мыңға тарта жұмыссыз жандарды әлеуметтік қорғау шараларымен қамту жоспарланып отыр. Жұмыспен қамтудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша осы мақсатқа 3 миллиард теңге бөлінді, - деді облыс әкімі.
Бұл қаржыға ауыл шаруашылығы, қызмет көрсету, құрылыс салаларында сұранысқа ие мамандықтарға оқыту жүргізіліп, әлеуметтік аз қамтылған топтар мен оқу орындарының түлектерінің алғашқы жұмыс тәжірибесін жинақтауы үшін әлеуметтік жұмыс орындары ашылатын болады.
Сонымен қатар бағдарлама қатысушыларына жеке ісін кеңейту немесе ашу үшін 763,5 млн. теңге көлемінде шағын несиелер берілмекші. Биылғы жылы 1,2 миллиард теңге сомаға 75 көп пәтерлі және жеке тұрғын үйлердің құрылысы аяқталады. Бұл депрессивті елді мекендердегі 1122 отбасын экономикалық әлеуеті жоғары орталықтарға көшіруге мүмкіндік туғызады.
Қолжетімді тұрғын үй құрылысы бағыты бойынша 2011-2014 жылдары облыста 1 млн. 121 мың шаршы метр тұрғын үйді іске қосу жоспарланған, оның ішінде биылғы жылы – 261 мың шаршы метр. Бұған 7 млрд. теңге бөлінеді.
Жолдаудың үшінші бағыты – өңірлерді дамыту.
Ел Президентінің мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесі туралы Жарлығына сәйкес облыстың барлық қалалары мен аудандарында даму бағдарламалары әзірленген болатын.
- Енді мұның бәрін Жолдаудан туындайтын міндеттерді ескере отырып жүйелеу қажет. Олар орталық деңгейде әзірленетін Бағдарламалардың құрамдас бөлігі болуы тиіс, - деп атап айтты облыс әкімі.
Ауыл тұрғындарының өмір сапасын артыру үшін биылғы жылы облыстың 27 елді мекенінде абаттандыру және инфрақұрылымды жөндеу бойынша 33 әлеуметтік жоба жүзеге асырылады. Бір айта кетерлігі, аталмыш жобалар тізімі осы ауыл тұрғындарының жиындарында анықталды. Бұл жұмыс алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес пен азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін күшейтуде мемлекеттік қызмет сапасын арттырудың маңызы өте зор.
Бүгінгі күні облыста бекітілген 26 мемлекеттік қызмет түрлерінің 18-і автоматтандырылып, электронды форматқа көшірілді. Таяу арада қалған 8-і де автоматтандырылатын болады. Облыстың электронды қызмет түрлерінің порталын құру да жоспарда бар. Онда облыс тұрғындарына қызмет көрсетушілермен тікелей сөйлесуге мүмкіндік туатын болады. Халыққа қызмет көрсету орталықтары үшін кіріктірілген ақпараттық жүйе жобасы жүзеге асырылып, оған қызмет көрсететін өзге де мемлекеттік органдар қосылды. Электронды әкімдік аясында құжат айналымы мен персоналды басқару жүйесі, облыстың бірыңғай диспетчерлік қызметі, ұйымдардың қызметін жоспарлау және басқару жүйелері жұмыс істейді.
Басқарушылардың білікті тобын даярлау және персоналды басқарудың пәрменді жүйесін қалыптастыру үшін «Облыстың кадрлық саясаты туралы» атты бағдарламалық құжат әзірленді.
Мемлекет басшысы Жолдауда білім беру жүйесін жаңғырту, медициналық қызмет сапасын және қолжетімділігін арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау бойынша бірқатар міндеттер қойды.
Білім беруді жаңғыртудың маңызды элементтерінің бірі оқыту үрдісіне педагогикалық құрамның сапасын арттыра отырып, қазіргі заманғы оқыту әдістемелері мен технологияларын енгізу болып табылады.
Биылғы жылы Қарағандыда ашылатын «Назарбаев зияткерлік мектебінің» жанында 300-ден аса педагог біліктіліктерін арттырады. Облыстың білім беру мекемелерінде республикалық е-learning жобасын жүзеге асыру жалғасатын болады.
2014-2015 жылдары республикалық бюджет есебінен Киевка, Оскаровка және Қарағанды қалаларында әрқайсысында 100 орындық жатақханасы бар 3 кәсіби лицейдің құрылысы жүргізілетін болады.
Бүгінде елімізде «Саламатты Қазақстан - 2015» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда. Халық денсаулығы көрсеткіштерінің оң динамикасына қол жеткізілді.
Біздің облысымызда соңғы жылдары бала туу көрсеткіші артып, сәби өлімінің, туберкулезбен ауыру, қан айналымы жүйесінің түрлі сырқаттарының әсерінен болатын өлім деңгейі төмендеді. Өткен жылы ісік ауруларын ерте уағында анықтау көрсеткіші 9% жақсарып, өлім деңгейі 20% төмендеді. 5 жылдан аса өмір сүретін ісік ауруларымен сырқат жандардың үлес салмағы артты. Дегенмен бұл көрсеткіштерді одан әрі жақсарта түсуіміз қажет деп атап айтты аймақ басшысы. Облыс онкологиялық көмекті дамытудың бағдарламасын әзірлеуге белсенді атсалысып, өз ұсыныстарын енгізуі тиіс.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында дене тәрбиесі мен спорттың бұқаралық түрлерін дамыту үшін спорттық инфрақұрылымның қолжетімділігіне баса мән берді.
Қарағанды облысында 2012-2014 жылдары 27 дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы бойынша жоба әзірленді. Бұл тұрғындардың 30 пайызын бұқаралық спорт түрлерімен қамтуға мүмкіндік береді.
Туризмді дамыту да кешенді көзқарасты талап етеді. Осыған орай облыс әкімі кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы құрамында туризмді дамыту мәселелерімен шұғылданатын арнайы бөлім құруды ұсынды. Ал, Балқаш, Қарқаралы және Ұлытау сынды туризмнің негізгі өңірлері үшін арнайы кешенді бағдарлама әзірлеп бекіту қажет.
Біздің облысымызда 179 мың 701 зейнеткер бар. Мемлекет оларға ұдайы қамқорлық көрсетіп келеді. Дегенмен әрбір қала мен ауданда бизнес-қауымдастықты жалғызілікті зейнеткерлерге көмек көрсетуге тарту қажет.
Мемлекет басшысы индустриалдық-инновациялық жобаларды ең басты басымдықтардың бірі деп атап айтты. Олар экономиканы жаңғыртудың негізгі тірегі болып табылады.
ҮИИД бағдарламасы жүзеге асырыла бастаған екі жылдың ішінде Қарағанды облысында жалпы сомасы 62 млрд. теңгеге 33 жаңа жоба іске қосылып, 2,5 мыңнан астам жұмыс орындары құрылды.
Ағымдағы жылы металлургия, машинажасау, құрылыс индустриясы, агроөнеркәсіп кешені сынды салаларда 25 жоба жүзеге асырылады. Бұл өнеркәсіптік өндіріс көлемін 3% арттыруға, 1700 жаңа жұмыс орнын құруға, негізгі капиталға инвестиция көлемін 40 млрд. теңгеге арттыруға мүмкіндік береді. Түптеп келгенде, осының бәрі ел өңірлері арасында облысымыздың көш басынан табылуына ықпал ететін болады.
«Металлургия-металөңдеу» индустриалдық парк базасында «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағының құрылуы да экономика дамуының бір тетігі болмақ.
«Бизнестің Жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асыру жұмыстары жалғасын табады. 2012 жылы бұл бағдарлама бойынша 2 млрд. теңге бөлінді. Бұл 100-ге тарта жобаны қаржыландыруға, жұмыс орындарын сақтап әрі жаңадан ашуға мол мүмкіндік бермекші.
Ел Президенті шикізат ресурстары мен инфрақұрылым саласында ауқымды жобалардың қанат қаққандығын хабарлады. Солардың бірі – ағымдағы жылы жалпы құны 2,3 млрд. долларды құрайтын Балқаш ЖЭС бірінші модулі құрылысының басталуы. Бұл станция көршілес облыспен шекаралас аумақта салынатын болғандықтан Балқаш өңірінің тұрғындарын жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді.
Біздің облысымыз үшін Жезқазған-Бейнеу және Арқалық-Шұбаркөл теміржол желілерінің құрылысы жобаларының да алатын орны ерекше. Қарағанды облысының аумағы бойынша өтетін аталмыш теміржол желілерінің ұзындығы шамамен 500 шақырымды құрайды, жобаның жадпы құны 300 млрд. теңгеден асады.
Жобаны жүзеге асыру жергілікті еңбек ресурстарын, құрылыс материалдарын, құрал-жабдықтар мен техникаларды пайдалануға да мүмкіндік береді. Ал, алдағы уақытта 130 млрд. теңгені құрайтын кешенді жоспарды ескеретін болсақ, Жезқазған өңірінің әлеуметтік-экономикалық келбеті түбегейлі өзгеретін болады.
Ауыл шаруашылығын дамыту тақырыбына ойысқан облыс әкімі ағымдағы жылы ауыл дихандары егістік алқаптарын ұлғайтып, жылыжай кешені шаруашылығын дамытуға айрықша мән бергені жөн деп атап өтті.
Ет өнімдерін экспорттауды арттыру мақсатында биылғы жылы 2 асыл тұқымды мал шаруашылығы, Бұқар жырау, Жаңаарқа және Осакаров аудандарында жалпы көлемі 4 мың басқа арналған 3 бордақылау алаңы ұйымдастырылатын болады. Сонымен қатар Бұқар жырау ауданында «Здоровые продукты» компаниясының қуаттылығы жылына 5 мың тонна құс етін өндіретін фабрикасы мен Жезқазған қаласында «Капитал Проджекс» компаниясының қуаттылығы 9400 тонна құс етін өндіруге қауқарлы құс фабрикасы іске қосылмақшы. Абай ауданының «Шанс» шаруа қожалығы базасында 1000 бастық жылқы фермасы құрылады.
Биылғы жылы біздің облысымыз бойынша мемлекеттік қолдау шаралары7,6 млрд. теңгені құрайтын болады. Бұл қаражат 2200 шаруа қожалығына көктемгі егістік және жиын-терім уақытында ЖЖМ мен қосалқы бөлшектер сатып алуға, тұқым мен химиялау бағасын төмендету, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру, асыл тұқымды 2 мың бас ірі қара мен 5 мың қой сатып алуға субсидия түрінде берілетін болады.
Бұл ретте ауыл шаруашылығы өнімдерінің өсімін ғана емес, оларды делдалсыз сауда желілері арқылы сату мәселесін де назардан шығаруға болмайды.
- Өздеріңіз көріп отырғандай, біздің алдымызда әлеуметтік-экономикалық дамудың барлық бағыттары бойынша ауқымды және аса жауапты жұмыстар тұр. Алдағы уақытта Қарағанды облысының бет-бейнесінің қандай болмағы да дәл осы міндеттерді шешу нәтижесіне тікелей байланысты. Ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жолдауда қойған міндеттерін шешуге индустриялық орталық ретінде, аса зор экономикалық, зияткерлік және адами әлеуеті бар Қарағанды облысының қомақты үлес қосарына сенімдімін, - деп аяқтады сөзін облыс әкімі.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі

Жаңалықтардың лентасы

Сіз жылу маусымын қалай бағалайсыз?
Мұрағат
25 Наурыз 2012
Караганда Другие города
0 °C
без осадков,пасмурно
Ю-З, 8 м/с
25 Наурыз 2012
Доллар США   147.75
Евро   195.41
Российский рубль   5.06
 
Послание Президента РК
 
Қазақстан Республикасы Президентінің алдыңғы Жолдаулары
Индустриально-инновационное развитие
Государственные закупки
           
 
           
 
           
 
         
Online конференциялар және баннерлердiң архивы      Сайт картасы
© 2005-2012Қарағанды облысы әкімдігінің ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы