1 Ақпан 2012 - Облыс басшысы өткізген әкімдік отырысында 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары талқыланып, биылғы жылғы міндеттер айқындалды
31 қаңтарда облыс әкімі Әбілғазы Құсайыновтың төрағалығымен әкімдік отырысы өтіп, онда 2011 жылғы өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен биылғы жылғы міндеттер анықталды.
Аталмыш мәселе бойынша облыс әкімінің орынбасары Бауыржан Смағұлов баяндама жасады.
Өткен жылы өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, құрылыста, саудада, көлік және басқа да салаларда экономикалық өсу қамтамасыз етілді. өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2,3%-ға ұлғайып, 1 триллион 300 млрд. теңгеге жуық құрады. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2,3%-ға ұлғайып, 1 триллион 300 млрд. теңгеге жуық құрады.
Облыстың өнеркәсіп секторын орнықты дамытуға шикізат емес бағыттағы кәсіпорындарды қолдау жөнінде жүргізілген жұмыс және қарқынды индустриялық-инновациялық дамудың 2010-2014 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы шеңберіндегі жобаларды іске асыру қолғабыс етті.
Облысты Индустрияландыру картасына жалпы сомасы 275 млрд. 653 млн.теңге, 5 мың 690 жаңа жұмыс орнын құратын 49 инвестициялықжоба енді.
Өткен жылысомасы36 млрд. 692 млн. теңге24 жоба іске асырылып, 1541 жаңа жұмыс орны құрылды.
Облыста «Өнімділік-2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша облыстың 11 кәсіпорны биылғы жылы жобаларды іске асыруға кірісуді жоспарлап отыр.
Аграрлық секторда 120 млрд. теңгеге жуық сомаға жалпы өнім өндірілді, бұл 2010 жылғы деңгейден 13,3% жоғары, Айта кетерлігі, негізінен, астық жинауды ұлғайту есебінен (2,3 есе) қамтамасыз етілді. Сондай-ақ ет, жұмыртқа және жүн өндіру оң динамикамен сипатталады.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес лицензиялар мен рұқсаттарды 30%-ға одан әрі қысқарту және мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау функцияларын оңтайландыру бойынша жұмыс жүргізілді.
Сыртқы сауда айналымының 44%-ға, бұл ретте тауарлар экспорты 49%-ға, импорт 12%-ға ұлғайды. Сауда балансының оң сальдосы бір жыл ішінде 1,6 есе ұлғайды.
Облыстағы экономикалық өсу тұтынудың өсуіне де қолғабыс етті. Тауарлардың бөлшек сауда айналымы 406 млрд. теңгені құрап, 2010 жылмен салыстырғанда 13%-ға ұлғайды.
Құрылыс секторында да оң тенденциялар байқалады. 2011 жыл ішінде 107 млрд. теңге немесе 2010 жылға қарағанда 111% көлемінде мердігерлік жұмыстар орындалды.
Әлеуметтік мақсаттағы бірқатар объектілер пайдалануға берілді, солардың қатарында 3 балабақша; селолық орта мектеп; емхана, облыстық қан орталығы, өлкетану секторының ғимараты бар.
Селолық елді мекендерде және екі қалада: Балқаш пен Теміртауда 9 сумен жабдықтау объектісінің құрылысы мен реконструкциясы аяқталды.
Тұрғын үй құрылысында – 257 мың шаршы метр немесе жоспарға қарағанда 103% және 2010 жылғы деңгейге қарағанда 111% тұрғын үй қатарға қосылды.
Өткен жыл ішінде облыс бюджетіне 175 млрд. 406 млн. теңге немесе 2010 жылға қарағанда 113,6% қаржы түсті. Жоспар 101,1% орындалды.
Облыс бюджетінің шығыстары 2010 жылмен салыстырғанда 23 млрд.теңгеге ұлғайып, 176 млрд.теңгені құрады.
Білім беру жүйесінде 2011 жылы 49 объектіге күрделі жөндеу жүргізілді.
Өткен жыл ішінде жұмыссыздық деңгейі 0,2 пайыздық тармаққа азаюмен сипатталып, 2012 жылғы 1 қаңтарға 5,2% құрайды.
Бағаларды тұрақтандыру және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша 2011-2014 жылдарға арналған шаралар кешені шеңберінде облыста азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қоры құрылды. Оны қалыптастыруға 1 млрд. 423 млн. теңге бөлінді, 12 мың тоннаға жуық әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарлары сатып алынды.
Осыдан кейін өз өңірлерін әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша жекелеген көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз ете алмаған қала, аудан әкімдерінің есептері тыңдалды.
Облыс әкімі 2011 жылдың қорытындысы бойынша әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны оң нәтижелер бергендігін атап айтты. Дегенмен кемшіліктер де жоқ емес. Сол себепті қол жеткен табыстарымызды еселей түсіп, әрі ағымдағы жылы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің өсу динамикасын сақтау үшін осы кемшіліктермен жұмыс істеу керек.
Осыған орай Әбілғазы Құсайынов бірқатар тапсырмалар берді, оның ішінде:
- «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасын ескере отырып, тұрғындарды еңбекпен қамту жұмыстары белсенді жүргізілсін;
- өңірлердің ерекшеліктері ескеріле отырып, үдемелі индустиалдық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде жобаларды іздестіру және жүзеге асыру шаралары қабылдансын;
- тұрғын үй-коммуналдық сала нысандары инфрақұрылымының тұрақты және үздіксіз жұмысы қамтамасыз етілсін;
- «Өнімділік-2020» және «Дағдарыстан кейінгі қалпына кетіру бағдарламалары» аясында ірі бизнеске мемлекеттік қолдау көрсету жұмыстары белсенді жүргізілсін;
- бағаны тұрақтандыру мен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің кешенді шараларын орындау жалғастырылсын;
- ішкі саяси тұрақтылықты нығайту бойынша кешенді шаралар жоспары әзірленсін.
Отырыс қорытындысы бойынша әкімдік қаулысы қабылданды.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі
Жаңалықтардың лентасы