1 Ақпан 2012 - Облыс әкімі Ә. Құсайынов аймақтың денсаулық сақтау саласын дамыту барысымен танысты
Ел Президентінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауын жүзеге асыру шеңберінде 1 ақпанда облыс әкімі Әбілғазы Құсайынов аймақтың денсаулық сақтау саласын дамыту барысымен танысты. Дәлірек айтқанда, ол Қарағанды қаласындағы №1 емханаға барып, медициналық мекеменің жай-күйімен жіті танысты.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Ерденбай Әбілқасымов аймақ басшысына 50 мың адамға қызмет көрсететін емхана бөлімшелері бұған дейін бір бірінен едәуір қашықтықта орналасып келген еді. Сол себепті науқас жандар бір ғимараттан екіншісіне барып, ем-дом алуының өзі қиыншылықтар туғызып келді. Сонымен қатар бұл емдеу мекемелері арасындағы сабақтастықты да қиындата түскені жасырын емес. Енді жаңа емхана іске қосылғаннан кейін сырқат адамдар тиісті емі мен медициналық көмектің қажетті көлемін ғимараттан сыртқа шықпай-ақ, бір жерден алатын болады.
Жобаның жалпы құны 976 млн. теңгені құрайды, бұл сомаға республикалық бюджеттен қазіргі заманғы құрал-жабдықтар алуға 240 млн. теңге де кіреді. Емханада профилактика, жалпы практика дәрігерлері, кеңес беру, диагностикалық, емдеу бөлімшелері, сондай-ақ 22 орындық күндізгі стационар мен амбулаториялық хирургия орталығы бар. Емханада 92 дәрігер мен 200 медбике жұмыс істейтін болады, ал қабылдау 17 дәрігерлік мамандықтар бойынша жүргізіледі.
Облыс әкімі ақпараттық тіркеу жүйесінің жұмысымен танысып, рентген кабинетін, амбулаториялық хирургия орталығын, отоларинголог, офтальмолог кабинеттерін және басқа да бөлімшелерді аралап көріп шықты.
Бұдан кейін аймақ басшысы аталмыш емхана қызметкерлері мен Қарағандының бірқатар медициналық мекемелері басшыларымен сұхбаттасты.
Әбілғазы Құсайынов оларды жаңа емхананың ашылуымен құттықтап, мұнда пациенттер мен персонал үшін барлық қолайлы жағдайлардың жасалғандығын атап өтті. Ол сондай-ақ ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» Жолдауындағы денсаулық сақтау саласын дамытуға байланысты міндеттерге тоқталды.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі
Жаңалықтардың лентасы