Жаңалықтар
06-Ақпан-2012 - Облыс әкімі Ә. Құсайынов Қарағанды қаласының Октябрь ауданында жұмыс сапарымен болды
5 ақпанда облыс әкімі Ә. Құсайынов Қарағанды қаласының Октябрь ауданында жұмыс сапарымен болып, бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады.
Алғаш ат басын тіреген нысан - отбасылық үлгідегі «Таңшолпан» балалар үйі болды. Облыс басшысын қарсы алған «Жас қанат» өзін-өзі басқару ұйымының жас мүшелері оған өздерінің жатын бөлмелерін, сабақ оқитын жерлерін аралатып таныстырды. Сондай-ақ балалар үйінде өткізілеін әр түрлі шаралар, спорт секциялары, сауықтыру лагеріндегі жазғы демалыс жайын суреттейтін слайдтар көрсетілді.
Облыс әкімі балалардың қолынан шыққан заттар көрмесін, фотосуреттерді тамашалап, музыкалық студияны, тренажер залын көрді. Осындағы «Tannex» балалар радио студиясында аймақ басшысына тікелей эфирден сөз беріліп, ол жас жеткіншектерге мықты денсаулық және оқуда озат болуларына тілектестігін білдірді. Сөз соңында аймақ басшысы балалар үйіне тоңазытқышты сыйға тартты.
Жұмыс сапары бағдарламасы бойынша облыс әкімі №1 қарттар мен мүгедектер үйінің және №2 психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесінің, Қарағанды қаласындағы Индустриалдық парк базасында құрылған еркін экономикалық аймақтың жұмысымен танысты.
Әбілғазы Құсайынов қатты аяз жағдайындағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жұмысына, жылумен үзіліссіз қамтамасыз ету жайына айрықша көңіл аудару қажеттігін атап айтты. Ол бірнеше көпқабатты үйлерде болып, тұрғындармен сұхбаттасып, пәтерлеріндегі температуралық жағдайды сұрастырды.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі
Жаңалықтардың лентасы
|