07-Ақпан-2012 - Облыс әкімдігінде аймақтың қалалары мен аудандарын газдандыру жобасы қаралды
7 ақпанда облыс әкімі Әбілғазы Құсайынов өткізген жұмыс кеңесінде «Компания Актобе Ремпроект» ЖШС ұсынған аймақтың қалалары мен аудандарын газдандыру жобасы қаралды.
Бұл компания жекелеген коттедждерді, коммерциялық нысандарды (кафе, мейрамхана, қонақүйлер), агроөнеркәсіптік кешендерді, кенттер мен шағын қалаларды автономды газдандыру, жылыту және сумен қамтамасыз ету жобаларын жүзеге асырумен айналысады. Жұмыс барысында Қазақстанның климаттық ерекшеліктерін ескере отырып, Еуропа, АҚШ, Оңтүстік-Шығыс Азияда кеңінен қолданылатын энергияүнемдеуші технологиялар пайдаланылады.
Ұсынылған жобаның мақсаты тұрғындарды экологиялық жағынан таза, салыстырмалы түрде арзан әрі тиімді отын түрі – мұнаймен бірге шығатын сұйық газ (пропан мен бутанның қоспасы) негізіндегі коммуналдық газбен қамтамасыз ету болып табылады.
Жобада елді мекенді қысқы маусымда 15-20 тәулік бойы үздіксіз қамтамасыз етуге жететін көлемді газ қоймасын салу қарастырылған.
Техникалық шешім ретінде газ құбырларын жер астынан жүргізу ұсынылды. Елді мекенді газбен үзіліссіз қамтамасыз ету үшін бір сатылы газ құбырлары желісінің сұлбасы көзделген.
Азқабатты тұрғын үй секторында тұратын тұрғындар мен шағын коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылар үшін газ берудің екі деңгейлі жүйесі қабылданады.
Жобаның артықшылығы – қай жерде жүзеге асырылса, сол жерде қосымша жұмыс орындары құрылатын болады, сондай-ақ заманауи газбен жылыту құрылғысын қолдану мүмкіндігі пайда болады.
Облыс әкімі тиісті құрылым басшыларына өңірдің елді мекендерінде қолдану мүмкіндігін зерделеуді тапсырды.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі
Жаңалықтардың лентасы