Жаңалықтар


08-Ақпан-2012 - Облыс әкімдігінде мемлекеттік-жеке меншік әріптестігі өңірлік орталығының жұмысы қаралды

7 ақпанда облыс әкімі Әбілғазы Құсайынов өткізген кеңесте «Қарағанды облысының мемлекеттік-жеке меншік әріптестігінің өңірлік орталығы» АҚ жұмысы мәселесі қаралды.
 
Кеңес басында облыс әкімі Виссарион Кимның басқа жұмысқа ауысуына байланысты басқарма төрағасы қызметінен босатылғандығын хабарлады.
- Бүгін мен сіздерге басқарманың жаға төрағасын таныстырғым келеді. Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес бұл лауазымға Батырбекова Айымгүл Ғазизқызы тағайындалды, - деді аймақ басшысы.
Батырбекова АйымгүлҒазизқызы 1977 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген. Екі жоғарғы білімі бар. 1999 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін, ал 2003 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін тәмамдады. Біліктілігі бойынша – көлік тасымалы мен басқаруды ұйымдастыру маманы, заңгер.
1999 жылдан ҚР Көлік және коммуникация министрлігі құрылымдарында мемлекеттік қызметте істеді.
2008-2010 жж. «МЖӘ қазақстандық орталығы» АҚ қызмет атқарды.
Тағайындалғанға дейін «Қарағанды облысының мемлекеттік-жеке меншік әріптестігінің өңірлік орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары болды.
Бұдан кейін жаңадан тағайындалған басшының бірқатар жобаларды, оның ішінде Қарағанды мен Теміртауда концессиялық негізде балабақшалар құрылысын жүргізу жобаларының жүзеге асырылуы жөніндегі есебі тыңдалды.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі

Жаңалықтардың лентасы

Сіз жылу маусымын қалай бағалайсыз?
Мұрағат
28 Сәуір 2012
Караганда Другие города
+13 °C
без осадков,пасмурно
Ю-З, 5 м/с
28 Сәуір 2012
Доллар США   147.90
Евро   195.36
Российский рубль   5.02
 
Послание Президента РК
 
Қазақстан Республикасы Президентінің алдыңғы Жолдаулары
Индустриально-инновационное развитие
Государственные закупки
           
 
           
 
           
 
         
 
         
Online конференциялар және баннерлердiң архивы      Сайт картасы
© 2005-2012Қарағанды облысы әкімдігінің ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы