Бизнестің жол картасы - 2020



Кәсіпкерлік әлеуетті күшейту

ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1520 қаулысымен «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасына «Кәсіпкерлік әлеуетті күшейту» атты жаңа төртінші бағыт қосылды.
«Кәсіпкерлік әлеуетті күшейту» бағыты өңір экономикасының басым секторларында қызмет ететін жаңа бастаған кәсіпорындар үшін де, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар үшін де өндірістерді жаңғыртуға және бизнесті меңгерудің заманауи үлгісін ендіру мақсатында кәсіпкерлік әлеуетті күшейтуге бағытталған шағын және орта бизнеске мемлекеттік қолдау көрсетуді көздейді.
Төртінші бағыт бойынша шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау келесі қызметтерді тегін ұсынудан тұратын болады:

  1. Жаңа бастаған кәсіпкерлерді қолдау;
  2. Әрекеттегі бизнесті жүргізуге сервистік қолдау;
  3. Шағын және орта бизнестің топ-менеджментін оқыту;
  4. Шетілдік әріптестермен іскерлік байланыс орнату арқылы өндірістерді жаңғырту және кеңейту (одан әрі –«Іскерлік байланыстар» жобасы);
  5. Еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша кадрларды дайындау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру

Жаңа бастаған кәсіпкерлерді қолдау стандартталған қызметтер пакетін ұсынуды көздейді, олар:
кәсіпкерлер мен халыққа кәсіпкерлік қызмет негіздерін қысқа мерзімде оқыту («Бизнес-Кеңесші» жобасы);
кәсіпкерлерге қажетті құжаттардың стандартты пакетін ұсыну;
ақпараттық-талдамалық қолдау және ақпараттық жүйе арқылы кәсіпорындардың бірыңғай базасына еркін қол жетімділікті ұйымдастыру;
экономиканың басым салаларында маркетингтік зерттеулердің нәтижелерін беру.
Әрекеттегі бизнесті жүргізуге сервистік қолдау кәсіпорындарды басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған және оған бизнес-үдерістерді қолдау бойынша келесі мамандандырылған қызметтерді кәсіпкерлерге ұсыну жатады (өтінім нысаны):
- бухгалтерлік және салықтық есеп жүргізу және есеп жасау;
- статистикалық есеп жасау;
- кедендік рәсімдер бойынша қызметтер;
- сапа менеджменті жүйесін енгізу бойынша ақыл-кеңес беру;
- заңдық консультация;
- маркетинг мәселесі бойынша консультация;
- ақпараттық технологиялар саласында қызмет ету.
Шағын және орта бизнестің топ-менеджментін оқыту (өтінім нысаны) табысты бизнес құрудың жаңа үлгісін ендіруге, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды тиімді басқарудың дағдыларын дамытуға және шетелдік оқыту орталықтарын тарта отырып «Назарбаев Университет» АҚ бизнес-мектебінің базасында стратегиялық және тактикалық бизнес-міндеттерді шешуге бағытталатын болады.
Оқыту процесі бизнесті жүргізуде туындаған мәселелерді өз бетінше шешу дағдыларын қалыптастыру мақсатында бизнесті құрудың, нақты бизнес-жағдаяттарды үлгілеудің жаңа үлгілерін оқытудан тұратын болады.
Оқу соңында кәсіпкерлер бизнес-жоспарлар әзірлейді және одан кейін кәсіпкерлер «Іскерлік байланыстар» жобасы бойынша тағылымдамаға қатысуға бизнес-жоспарлар тапсыра алады.
Бағдарламаға экономиканың басым секторларында қызмет ететін шағын және орта бизнес кәсіпорындарының жоғары және орта буын басшылары қатыса алады.
«Іскерлік байланыстар» жобасы (анкета, өтінім нысаны) халықаралық және шетелдік ұйымдардың қолдауымен шетелдік әріптестермен іскерлік байланыстар орнату есебінен өндірістерді жаңғыртуға қолдау көрсетуге бағытталған.
Жоба екі кезеңнен тұрады:
Бірінші кезең Қазақстан аумағында іске асырылатын болады.
Бұл кезеңде бизнесті жүргізу, маркетинг, бизнес-әріптестермен және басқалармен іскерлік байланыс орнату бойынша қазіргі заманғы әдістерді оқытуға бағытталған бизнес-тренингтер өткізілетін болады. Оқу барысында Жобаға қатысушылар шетелдік және отандық бизнес-тренерлердің басшылығымен өз кәсіпорнын дамытудың бизнес-жоспарларын әзірлейтін болады.
Бизнес-тренингтер аяқталған соң Жобаға қатысушылар алған кеңестерге сәйкес бизнес-жоспарларды өз бетінше дайындайтын болады және бұдан кейін Жобаның екінші кезеңінде конкурстық іріктеуге қатыса алады.
Екінші кезең Жобаға қатысушылар үшін шетелде тематикалық бизнес-тағлымдаманы қарастырады, оның ішінде шетелдік әріптестермен іскерлік байланыс орнату үшін, оған мыналар жатады:
ұқсас бейіннің шетелдік кәсіпорындарындағы тағылымдама;
мына мәселелер бойынша іскерлік байланыстар орнату:
технологиялар трансферті және қондырғылар алу;
тауарлар, жұмыстар және қызметтерді өзара жеткізу,
франшиз алу;
халықаралық және шетелдік ұйымдардың гранттарын алу;
ортақ кәсіпорындар құру.
Кәсіпкерлер үшін шетелдік тағылымдамалар ұйымдастыруға Қазақстанның кәсіпкерлік секторының қажеттілігін және қабылдайтын елдердегі салалардың даму деңгейін ескере отырып, халықаралық және шетелдік ұйымдар жәрдемдеседі (Еуропада – Еуропалық одақ ұйымдары, Америка Құрама Штаттарында - ЮСАИД, Кореяда - КОЮА, Жапонияда - ПСА, Германияда – Германия халықаралық ынтымақтастық орталығы).
Жобаға шағын және орта бизнес кәсіпорындарының жоғары және орта буын басшылары қатыса алады.
Еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша кадрларды дайындау және қайта даярлау.
Ағымдағы жылы Бағдарламаның және Аймақтардың Индустрияландыру картасының жобаларын жүзеге асыру үшін төмендегілер қарастырылды:
- еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша кадрларды дайындау және қайта даярлау (өтінім нысаны);
- шағын және орта бизнес үшін кадрлардың біліктілігін арттыру (өтінім нысаны);
- жастар практикасын ұйымдастыру бойынша іс-шаралар (өтінім нысаны).
Кадрларды дайындау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру техникалық және кәсіптік білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын облыстың оқу орындарының базасында іске асырылатын болады.

Бағдарламаға қатысу үшін Қарағанды қ., Бейбітшілік бульвары 39, каб. 102, факс 421421, тел. 421051 мекенжайында орналасқан Қарағанды облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына өтінім беру қажет.

Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметінің» порталын қолданасыз бе?
Мұрағат
15 Қазан 2012
Караганда Другие города
+5 °C
без осадков,ясно
Ю-В, 4 м/с
15 Қазан 2012
Доллар США   150.53
Евро   195.25
Российский рубль   4.86
 
Послание Президента РК
 
Қазақстан Республикасы Президентінің алдыңғы Жолдаулары
Индустриально-инновационное развитие
Государственные закупки
           
 
           
 
           
 
         
 
         
Online конференциялар және баннерлердiң архивы      Сайт картасы
Все виды экспертиз. проведение автотехнической экспертизы в центре экспертизы
© 2005-2012Қарағанды облысы әкімдігінің ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Вверх